Академиялық және дәстүрлі емес кескіндеме

  • Пән студенттердің әртүрлі көркем материалдарды қолдана отырып, классикалық кескіндеме және дәстүрлі емес әдістерді игеруіне бағытталған. Пәнде кескіндеменің негіздері, түрлері мен жанрлары, кескіндемедегі заманауи бағыттар, кескіндеме жұмыстарындағы түстердің рөлі туралы ақпарат бар. Практикалық сабақтарда білім алушылар түсті-реңкілік қатынастарды іздеуді жүзеге асырады; көркем материалдармен және техникалармен тәжірибе жасайды; майлы, акварель, акрил және гуашь бояулары мен басқа да материалдарды пайдалана отырып, кескіндеме жұмыстарын орындайды; көркемдік идеяны, бейнені кескіндеме құралдарымен ұсыну. Студенттер бейнелеу іс-әрекеті үшін дәстүрлі емес материалдарды (тұз, құм, су және т.б.), көркемдік-графикалық техниканы (граттаж, шашырама (набрызг), «one stroke», эбру, жіппен жазу, үш өлшемді суреттер және т.б.) пайдаланады, техникалармен және материалдармен тәжірибе жасайды. Бағалау кескінді жасау бірізділігін сипаттауды және оны демонтсрациялауды (техника мен материалды таңдау бойнша) қамтитын есептік-шығармашылық жұмысты қорғауда жүзеге асырылады.
  • Образовательная программа 6B01472 Өнер білімі және кәсіпкерлік
  • Несиелер 7
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 2
Top