Кен дайындау процестері

  • Бұл пәнде студенттер пайдалы қазбалар кендерін байытуға дайындау үрдістерімен танысады. Атап айтатын болсақ: ұсақтау, ұнтақтау, елеу, жіктеу, кесектеу және т.б. үрдістерімен толықтай танысады. Сондай-ақ, студенттер бұл пән арқылы, негізінен байытудың түрлі әдістерінің (гравитациялық, флотациялық, магнитті сепарация) жұмыс істеу принциптері мен заманауи мүмкіншіліктерімен танысады. Сонымен қатар, бұл пәнде байытудың сусыздандыру және шаң ұстау үрдістері (қосалқы) және техникалық (механикалық) агрегаттары қарастырылған. Және де аталмыш пәннің мақсаты студенттерді кендерді ұсақтағыштардың, конустық ұсатқыштардың, барабан диірмендерінің және елеуіштердің жұмыс принциптерімен таныстыру болып табылады.
  • Образовательная программа 6B07204 Пайдалы қазбаларды байыту
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 4
Top