ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиеті

  • Аталған пән - ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму жолдары жүйеленіп, әдеби шығармалардың көркемдік құндылығы, жанрлық ерекшеліктерін толық қарастырады. ХХ ғасырдағы әдеби процесті қамтитын ұлттық әдебиеттің, көркем және эстетикалық ойдың даму жағдайы туралы ақпарат беріледі. ХХ ғасырдағы қазақ елінің қоғамдық өмір шындығын шынайы бейнелейтін жазушылар мен ақындар шығармаларының жанрлық ерекшелігін, стильдік бірлігін, идеялық мазмұнын, көркемдік сипатын игереді. ХХ ғасырда қазақ тіліндегі тарихи-әдеби басылымдар мен кітаптар туралы құнды деректер беріледі. Тарихи оқиғалардың ХХ ғасырдағы әдебиеттің дамуына, ұлт санасының оянуына тигізген әсері түсіндіріледі. Ұлт зиялыларының тарихи, әдеби-көркем шығармаларындағы жаңа түр, жаңаша мазмұн, тың идея сыни реализм әдісімен жазылған шығармалардан ғылыми негіздеу мен бағалау дағдыларын қалыптастырады. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің идеялық мазмұнын тереңдеткен, көркемдік сипатын айқындаған поэзия, проза, драматургия салалары жаңа қырынан қарастырылады. ХХ ғасырдағы саяси-әлеуметтік, қоғамдық жағдайлар, қазақ қоғамының рухани және тарихи сипаты ақын-жазушылар шығармалары арқылы игеріледі.
  • Образовательная программа 6B01707 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Несиелер 4
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 2
Top