Ежелгі дәуір әдебиеті

  • Аталған пән - ежелгі дәуірдегі әдеби-тарихи-мәдени мұралардың көркемдік-идеялық формаларын, тарихи кезеңдер мен шығармалардың сабақтастық жолдарын саралайды. VIІ-IX ғасырлардағы түркі әдеби жазба ескерткіштерінің оғыз-қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған тарихи-рухани мұраларды сараптайды. Түркі халықтарына ортақ әдеби ескерткіштердің тарихи сипатын, сабақтастық жолдарын меңгереді. Х-ХІІ ғасырларда Ислам дәуіріндегі ғұламалардың, ойшылдардың жазба мұраларымен танысып, әдеби мұралардың түркі жазба әдебиетін өркенду мен дамуына қосқан үлесін жан-жақты қарастырады. XIII-XIV ғасырлардағы Алтын Орда-Қыпшақ кезеңінің әдеби мұрасын, Қарахан дәуірінің әдеби-тарихи шығармаларын егжей-тегжейлі зерделейді. Ежелгі әдеби ескерткіштердің тарихи кезеңін саралап, кейінгі дәуірлердегі рухани мұралардың түркі әдебиетімен байланысын анықтайды. Ежелгі жазбаша деректер мен көшірме нұсқалардан жеткен әдеби ескерткіштердің мазмұнын игереді. Жазба ескерткіштер мен әдеби-тарихи мұралардың көркемдік даму процесін жүйелейді.
  • Образовательная программа 6B01707 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Несиелер 4
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 1
Top