Математикалық талдау-II

  • Математикалық талдау-II математиканың іргелі ұғымдарымен танысудың жалғасы болып табылады және студенттерді математикалық зерттеу әдістеріне дайындайды. Бұл пән интегралдар теориясын, олардың қолданылуын – жазық фигураның ауданын есептеуді, дененің көлемін, доғаның ұзындығын және айналу денесінің ауданын есептеуді - зерттейді. Курс сонымен бірге қатарлар теориясын, теріс емес мүшелері бар қатарлардың жинақтылығының жеткілікті белгілерін, қатар жинақтылығының жеткілікті белгілері, функционалдық қатарлардың бірқалыпты жинақтылығы және функцияларды дәрежелік қатарларға жіктеуді қамтиды. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: – Интегралдар теориясын меңгеріп, анықталған интегралдың қолдануларын (жазық фигураның ауданын есептеу, дененің көлемін есептеу, доғаның ұзындығын және айналу денесінің ауданын есептеу т.б.) біледі; – Функционалдық тізбектердің, функционалдық қатарлардың жинақтылығын зерттеу; – Функцияларды дәрежелік қатарға жіктеудің әдістерін меңгереді.
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top