Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06105 Математикалық және компьютерлік модельдеу в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарлама физика, химия, механика, экономика, биомедицина саласында математикалық модельдеуді жеткілікті білетін, типтік математикалық модельдерді әзірлеуге, бағдарламалық кешендерді әзірлеуге және алынған нәтижелерге талдау жасауға қабілетті бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған. Студенттерді ғылыми зерттеулер жүргізуге, математикалық және компьютерлік модельдеудің теориялары мен әдістерін жетілдіруге және әзірлеуге, экономиканың түрлі салаларында, сондай-ақ жоғары оқу орындарында және ғылыми-зерттеу орталықтарында алынған білімдері мен нәтижелерін практикалық қолдануға дайындау. Келесі даярлау бағыттары қарастырылған: - Биомедицинадағы математикалық модельдеу; - Қаржылық инженерия; - Тұтас орталарды математикалық модельдеу.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B057 Ақпараттық технологиялар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Бағдарламалауды, деректер құрылымын, алгоритмдерді және олардың күрделілігін, еңбек сыйымдылығын, сапасын, деректерді басқаруды қоса алғанда, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін фундаменталды қағидаттарды қолдану.
  • Ақпараттық технологиялардың көмегімен өз бетінше білім алуға және практикалық тұрғыда жаңа білімдер мен дағдыларды қолдануға, ғылыми көзқарастарын кеңейту және тереңдету.
  • Есептеу мәселелерін шешу және қосымшаларды әзірлеу үшін программалаудың әр түрлі тілдеріндегі мәліметтердің абстракциялы типтері мен математиканың құрылымы мен тілінің негізгі сипаттамалары ретінде абстракциялар мен индуктивті ойлауды тиімді пайдалану, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді жобалау.
  • Интеллектуалды талдаудың қазіргі заманғы әдістерін, параллельді және үлестірілген есептеулердің технологияларын ресурстарды көп қажет ететін есептерді шешу үшін және үлкен деректерді өңдеу үшін қолдану.
  • Командада жұмыс істеу, әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, өз қызметін, команда қызметін сын тұрғысынан бағалау, жолды белгілеу және өзін-өзі дамытуға, өз біліктілігін арттыруға арналған құралдарды таңдау.
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу әдістерін, компьютерлік графиканы, 2D және 3D модельдеу, визуализацияны қолдану, сондай-ақ ғылыми, қолданбалы, өндірістік және технологиялық мәселелерді шешу үшін қолданбалы бағдарламалар пакеттерін әзірлеу.
  • Өзекті өндірістік проблемаларды шешу үшін есептеуіш техника, жүйелік әкімшілендіру, компьютерлік желілер, операциялық жүйелер, қолданбалы және арнайы мамандандырылған бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану.
  • Техника мен технологиялардың әр түрлі салаларында болып жатқан процестер мен құбылыстарды сипаттаудағы математиканың рөлін білу; ғылымның әр түрлі салаларында фактілерді дәлелдеу процесінде математикалық модельдер негізінде компьютерлік модельдеудің рөлін, модельдерді өңдеу және болжау үшін есептеу ортасын пайдалану мүмкіндігін, ақпараттық технологиялар негізінде құрылатын қазіргі заманғы ақпараттық-басқару жүйелерін құру мәселелерін білу.
  • Эксперименталды жолмен алынған деректер негізінде есептеу экспериментін жүргізу үшін бағдарламалар кешені түрінде тиімді сандық әдістер мен алгоритмдерді іске асыру және алынған нәтижелердің презентациясын ұсыну; кәсіби білім мен іскерлікті жетілдіру үшін кәсіби коммуникацияның түрлі құралдарын қолдану.
  • Математикалық модельдерді құру және оларды компьютерде зерттеу дағдыларын пайдалану, ғылыми мәселені шешуде қолданбалы аспектіні белгілеу, нәтижені сауатты көрсету және түсіндіру. Зерттелетін құбылыстың пәндік саласы терминдерінде көрсетілген нақты ұсыныстар түрінде жүргізілген физика-математикалық және қолданбалы зерттеулердің нәтижесін беру.
  • Объектілер мен құбылыстардың математикалық модельдерін әзірлеу және талдау; модельдерді зерттеудің аналитикалық, сандық, сандық-аналитикалық әдістерін қолдану; арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы математикалық модельдерді зерттеу.
  • Іргелі және қолданбалы мәселелерді шешу үшін математикалық анализ, алгебра, геометрия, дискретті математика, дифференциалдық теңдеулер, физика, механика, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бойынша іргелі білімді қолдану.
Top