Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M04104 Бухгалтерлік есеп және бизнесті құқықтық қамтамасыз ету в С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бухгалтерлік есеп, аудит, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен қаржылық құқық облысында жоғары құзыреттіліктерге ие экономика ғылымдарының магистрлерін дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M073 Аудит және салық салу
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
Шет тілі (кәсіби).
Білім алушылар арасында халықаралық ғылыми қызметке интеграциялануға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттілік пен ғылыми жазу мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде шет тілді коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады, мамандық бойынша ғылыми-тұжырымдамалық аппаратты еркін басқаруға, ғылыми-ақпараттық базаны кеңейтуге, кең ғылыми білімді меңгеруге, кәсіби және ғылыми қызметтің перспективалық бағыттарын анықтай білуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы және философиясы
Зерттеуге әдістемелік және диалектикалық көзқарас дағдыларын қалыптастырады, философиялық білімді жинақтайды, тарихи даму мәселелері мен құрылымын зерттейді, ғылыми танымның заңдылықтары мен тенденцияларын талдайды, ғылыми - зерттеу жұмысының нәтижелілігін жүйелейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Психологиялық заңдар мен басқару заңдылықтары мен еңбек сапасын зерттеу арқылы адамдардың ұйымдасқан іс-әрекетін басқару дағдыларын қалыптастырады, ғылыми негізделген шешімдер қабылдау, басқа адамдардың іс-әрекеттерін құрылымдау, ұйымды басқару қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулер әдіснамасы
Ғылыми зерттеулер әдіснамасы. Экономикалық зерттеулердің жалпы ғылыми әдістері. Зерттеудің статистикалық-экономикалық әдістері. Зерттеудің баланстық, экономикалық-математикалық үлгілеу және мақсатты бағдарламаларды қалыптастыру әдістері. Ғылыми зерттеудің есептік-конструктивтік және эксперниментальды әдістері. Зерттеудің функционалды-құндық және эксперттік әдістері. Ғылыми зерттеуді ақпараттық қамтамасыз ету. Ғылыми стиль және ғылыми жұмысты өңдеудің филологиялық негіздері. Магистрлік диссертацияны дайындау мен рәсімдеу әдістемесі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің заманауи мәселелері
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің заманауи мәселелері. Есеп, аудит және қаржылық консалтинг облысында зерттеулер мен қолданбалы жобаларды жүзеге асырудың құралдары мен әдістері. Қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалаудың критерийлері, құралдары мен әдістері. Компанияның ішкі аудит жүйесінің дамуы. Холдингтердегі бухгалтерлік есеп әдіснамасының мәселелері. Өндірістік компанияда басқару есебі жүйеінің дамауының заманауи мәселелері
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық есептіліктің ұлттық үлгілері және халықаралық стандарттары
Жаhандану және оның есептік үрдістерге әсері. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың есептің дамуына әсері. Есептің ұлттық стандарттарының қалыптасуы. Әлемдегі есеп пен есептіліктің негізгі үлгілері. Ұлттық үлгілердің негізгі топтарының сипаттамасы. Жаhанданудың ҚЕХС дамуына әсері. Халықаралық бухгалтерлік ұйымдар: міндеттері мен қызметтері. Бухгалтерлер мен аудиторларды халықаралық стандарттау. ҚР-да ҚЕХС ендіру, дамуы және қолдану мәселелері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша білім алып жатқан магистранттарға жоғары мектеп педагогикасының жалпы проблемаларын, әдіснамалық және теориялық негіздерін, оқыту мен тәрбиелеуді талдау дағдыларын, жоспарлау мен ұйымдастырудың қазіргі заманғы технологиялардың элементтерін түсінуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қаржылық менеджмент және қаржылық талдау
Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесі. Қаржылық есептілікті талдау. Қаржылық жоспарлау және қаржылық болжау. Бизнесті қаржыландыру көздері. Айналыс капиталын басқару. Басқарушылық талдау:пайданы максималдау әдістері. Ұзақ мерзімді қаржылық шешімдер. Тәуекел және табыстылық. Капитал бағасы және капитал құрылымы туралы шешім қабылдау. Акционерлер үшін бизнес құнын бағалау. Дағдарысты жағдайда қаржылық басқару
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық есептілік аудиті
Қаржылық есептілік аудитін тексеру мақсаты мен тәсілдері, ақпараттық базасы. Жоспарлау. Аудиторлық дәлелдемелерді жинау. Сапаны бақылау. Қаржылық есептілікте бұрмалаудың орын алуының тәуекел факторлары. Қаржылық есептілік аудиті барысында ақпараттық жүйелерді пайдалану. Аудиторлық IT-тәуекелдер. Аудиторлық есеп. Пікір қалыптастыру. Аудиторлық қорытынды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Коммерциялық құқық
Азаматтық құқықты реформалау: келісім-шарт құқығының даму болашағы. Келісім-шарт құқығының түсінігі мен қағидалары. Кәсіпкерлік (коммерциялық) шарт. Коммерциялық айналыстағы келісім-шарт үрдісі. Коммерциялық шарттар түрлері, делдалдық коммерциялық шарттар. Коммерциялық айналыстағы сервистік міндеттемелер. Коммерциялық келісім-шарт тараптарының қызығушылығын қорғау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кешенді экономикалық талдау
Кешенді экономикалық талдаудың әдісі, тәсілдері. Факторлық талдау әдістемесі және қаржылық коэффициенттер әдісі. Өнім өндіруді, өткізуді және өнімнің өзіндік құнын кешенді талдау. Еңбек және өндірістік ресурстарды пайдалануды кешенді талдау. Баланс өтімділігін, төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылықты кешенді талдау. Субъектінің ақша ағындарын, нарықтық және іскерлік белсенділікті кешенді талдау. Субъектінің табыстылығын кешенді талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп
Активтердің әділ құнын анықтау. Бизнесті біріктіру, шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау. Гудвилл есептеу. Кері жалдау. Субсидияларды есепке алу сұрақтары. Қаржылық есептілікте қаржылық құралдарды, зейнетақы жоспарларын, сақтандыру шарттарын, ауылшаруашылығы өнімдерін ұсыну.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 9
-
Аудиттің халықаралық стандарттары және оларды ҚР- да қолдану тәжірибесі
Аудиттің халықаралық стандарттарының жіктелуі. 100-199 «Кіріспе аспектілер» АХС тобы. 200-299 «Міндеттер» АХС тобы. 300-399 «Жоспарлау» АХС тобы. 400-499 «Ішкі бақылау» АХС тобы. 500-599 «Аудиторлық дәлелдемелер» АХС тобы. 600-699 «Үшінші тұлғаның жұмысын пайдалану» АХС тобы. 700-799 «Аудиторлық қорытынды және есептілікті ұсыну» АХС тобы. 800-899 «Арнайы облыстар» АХС тобы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Талдаудың сандық тәсілдері
Талдаудың сандық әдістері мен объектілері. Микроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасын болжау есептері. Бір өлшемді уақыт қатарларын үлгілеу. Автокорреляция. Динамика қатарларын талдау. Регрессиялық талдау теориясына кіріспе. Корреляция және сызықтық регрессия: деректер арасындағы байланыс. Көптік регрессия. Динамика қатарларын регрессиялық талдау. Бизнес-процесстерді болжаудың статистикалық әдістері. Шешімдер қабылдау және тәуекел.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бизнестегі заңтану
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастыру-құқықтық нысаны. Жеке кәсіпкерліктің ерекшелігі. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың маңызы мен ерекшеліктері. Коммерциялық қызметті айрықшалау құралдары. Міндетті құқық. Өкілеттік және сенім хат. Шаруашылық құқықбузушылық үшін заңдық жауапкершілік. Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бизнес-үрдістердің ішкі аудиті
Ішкі аудит: мазмұны, қызметтері, негізгі қағидалары. Бизнес-үрдістер: мақсаты мен міндеттері, жіктелуі, реттелуі, ішкі аудитте қолданылуы. Ішкі аудит циклы. Ішкі аудит әдістері, Сатып алулар үрдісінің ішкі аудиті. Өндіріс үрдісінің ішкі аудиті. Сату үрдісінің ішкі аудиті. Қаржыны басқару үрдісінің ішкі аудиті. Бухгалтерлік есеп үрдісінің ішкі аудиті. Персоналды басқару үрдісінің ішкі аудиті. Корпоративтік басқару үрдісінің ішкі аудиті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі бизнес-құрылымдардағы басқару есебі
Басқару есептілігінің негіздері. Шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың заманауи жүйелері. CVP талдауды қолдану мен анықсыздық жағдайында шешім қабылдау ерекшеліктері. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау. Баға саясатының стратегиясы мен тактикасы. Икемді бюджеттер және ауытқуларды талдау. Балансталған көрсеткіштер жүйесі. Басқару есебіндегі шектеулер теориясы және оны тәжірибеде қолдану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі есеп, талдау мен аудиттегі компьютерлік технологиялар
Бухгалтерлік есеп пен аудиттегі автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің (ААЖ) жіктелуі. Бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды автоматтиандырудың оңтайлы нұсқасын таңдау. Бухгалтерлік есептің ААЖ. Экономикалық талдау мен аудиттің ААЖ: қаржылық талдауды автоматтандыру, ішкі басқару есебін автоматтандыру, аудитті автоматтандыру жүйелері, құқықтық және ақпараттық деректер базасы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Корпоративті басқару жүйесіндегі комплаенс
Комплаенс жүйесінің мақсаты. Компанияда комплаенсты ұйымдастыру. Комплаенстың корпоративті басқару органдарымен байланысы. Комплаенс және іскерлік этика: корпоративті басқаруда заң бұзушылықтардың алдын алуда іскерлік этиканың орны; іскерлік этиканың корпоративтік кодексі. Комплаенс-тәуекелдерді басқару: комплаенс аясындағы реттеуші жүйелер; комплаенс-тәуекелдерді басқару үлгілері. Комплаенс аясында қызметтерді реттеу ерекшеліктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бизнес-аналитика
Бизнес-аналитиканың құралдары, жұмыс қағидалары. Бизнес-аналитикалық қызметтің түрлері. Бизнес-аналитиктердің замануи қызметтері. Бизнес-аналитиктердің қызметін қолдану аялары. Ақпараттық бизнес-аналитика. Жүйелік динамиканың үлгілері мен әдістері. Аналитикалық есептерді шешуде динамикалық жүйелерді қолдану. Деректерді статистикалық талдаудың негізгі жүйелері және оларды тәжірибеде қолдану. Бизнес-аналитикада имитациялық үлгілеуді қолдану. Бизнесті жоспарлаудағы бизнес-аналитика. Аналитикалық бағалау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Салық есебі мен аудитінің теориясы мен тәжірибесі
Тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыстар мен өндіріс пен сату шығыстарының салық есебі. Сатудан тыс табыстар мен шығыстардың салық есебі. Жекелеген шаруашылық іс-әрекеттерінің салық есебін жүргізудің тәжірибелік ерекшеліктері. Салық аудитін жүргізу әдістемесі мен кезеңдері, нәтижені рәсімдеу. Ситуациялық, бастамашылық салық аудиті. Салықтық комплаенс.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Дайындалған бағдарламаға сәйкес өз бетінше зерттеулер жүргізу, жүргізілген зерттеулер нәтижесін ғылыми қоғамдастыққа мультимедиялық құралдарды қолдана отырып мақала, диссертация, баяндама немесе презентация түрінде ұсыну
- Бастамашылық іс-әрекеттерге бару мен жетекшілік қасиеттерін көрсету, өзін-өзі дамыту мен тұлға ретінде өсу
- Жүйелік талдау негізінде мәселелі жағдайларды талдау мен әрекет ету стратегияларын дайындау
- Бухгалтерлік есептің түрлі әдістерін қолдану, бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби этикасының талаптарын сақтай отырып шаруашылық субъектілерінде есептік-аналитикалық, бақылау бөлімшелерін (топтарын) ұйымдастыру мен басқару
- Ұйымның шаруашылық қызметінің нәтижелерінің бухгалтерлік есепте, қаржылық және салық есептілігінде дұрыс бейнеленуі бойынша туындаған сұрақтарды арнайы экономикалық, әкімшілік және арбитраждық соттарда қорғай алу
- Басқару шешімдерін қабылдаудың қалыптасқан әдістерінің тиімділігі мен нәтижесін негіздеу
- Отандық және шетелдік зерттеушілермен анықталған ғылыми зерттеулерді жалпылау мен сыни бағалау, зерттеудің перспективалық бағыттарын анықтау мен зерттеу бағдарламасын дайындау
- Жоғары және қосымша білім беру жүйесінде оқытушылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру
- Заманауи қарым-қатынас пен ақпараттық технологияларды қолдану, шет тілін кәсіби және зерттеу қызметін жүзеге асыруға жеткілікте деңгейде меңгеру
- Бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби этикасының талаптарын сақтай отырып сыртқы аудиторлық тексерісті жүргізу мен кәсіпорында ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру