Сөз мәдениеті мен жалпы сөзтану мәселелері

  • Пәннің мақсаты: докторанттарға интегративтік типті зерттеудің жаңа бағыты ретінде сөзтану ғылымының тұтас жүйелік тұжырымдамасын таныстыру; білім алушылардың тілдегі қарым-қатынастың әртүрлі формаларының даму тенденциялары туралы жүйелік көзқарастарын қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - сөзтану ғылымының негізгі ұғымдары мен категориялары бойынша теориялық және әдістемелік мәселелерді меңгереді; - тілдегі қарым-қатынастың түрлі даму тенденцияларын пәнаралық бағытта (психолингвистикамен, философиямен, нейролингвистикамен, логикамен) игереді; - лингвистикадағы әртүрлі тілдесім түрлеріне экстралингвистикалық және лингвистикалық факторлардың ықпал ету дәрежесін ажырата алады; - тілдік бірліктердің нақты сөйлеу жағдаятындағы және белгілі бір тілдесу аясындағы қызметінің нақты фактілерін талдайды; - тілдегі әртүрлі тілдесім формаларының даму үдерістерін болжай алады; - тілдегі тіл бірліктерінің қызметінің нақты фактілерін талдау мен бағалау нәтижелерін дәйектейді; - сөзтанудың көкейкесті мәселелері бойынша тезис, докторлық диссертация, филологиялық комментарийлер, ғылыми жобалар жазуға дағдыланады.
  • Образовательная программа 8D02303 Филология
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top