Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02303 Филология в Alikhan Bokeikhan University

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Мақсаты – филология ғылымының өзекті мәселелерінен жан-жақты хабардар, лингвистика және әдебиеттанудың теориялық мәселелерін бағамдай білетін, өз беттерінше ой қорытып, ізденуге қабілетті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау; білім алушыларды мазмұны филология ғылымдарының жаңа жетістіктері болып саналатын лингвистиканың және әдебиеттанудың іргелі теориялық негізіне бағытталған негізгі курстар бойынша жүйелі біліммен қамтамасыз ету.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • ЖОО атауы Alikhan Bokeikhan University
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D060 Филология
  • Дайындық бағыты 8D023 Тілдер және әдебиет

Оқыту нәтижелері

  • Тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы қазіргі отандық және шетелдік ғылыми жетістіктерді сын тұрғысынан бағалау;
  • Инновациялық технологияларды қолдана отырып, ББ бойынша педагогикалық және оқытушылық қызметті жүзеге асыру; жеке кәсіби және жеке даму міндеттерін жоспарлау және шешу, жоғары оқу орындарындағы оқу процесін басқару; білім беру процесін және мамандарды кәсіби даярлау процесін жобалау;
  • қазіргі заманғы отандық, орыс және шетел тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері саласында кәсіби құзыреттілікті кеңейту және тереңдету;
  • шығармашылық, сенсорлық-бейнелік және көркемдік дүниетанымы бар заманауи маман-филологтың кәсіби мәдениетінің көрінісі ретінде Гуманитарлық ойлауды дамыту;
  • Ғылыми салада жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ғылыми сөйлеуді түсіну және ғылыми бағыттағы әдебиеттерді оқу, ғылыми зерттеудің заманауи әдістемелері мен әдістерін ғылымның жаңа жетістіктерімен сәйкестендіру және байланыстыру, эксперимент нәтижелерін өңдеу және түсіндіру дағдыларын меңгеру
  • білім алушылардың ең маңызды шығармалармен танысу барысында зерделенетін өнер түрлері мен жанрларын анықтау, эстетикалық қажеттіліктерді, эстетикалық сана және қызмет түрлерін жіктеу және сипаттау
  • жоғары әлеуметтік және эстетикалық құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларына бейімділігін растау
  • эөзінің азаматтық ұстанымын қалыптастыру үшін қазақстандық және әлемдік қоғамның тарихи және ғылыми дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдау, білім алушылардың мәдени және тілдік қажеттіліктерін іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамытуға ықпал ету
Top