XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

  • Мақсаты: Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы әдеби процесспен таныстыру, ағымдар мен бағыттардан, қаламгерлердің шығармашылық өмірбаянынан мағұлмат беру. Пәннің мазмұны: ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму үрдісі: тарихи-саяси, ілеуметтік жағдайдың әдебиеттегі көрінісі. Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы әдеби процессінің зерттелуі. Ақындық поэзия ерекшелігі, өкілдерінің шығармашылық өмірбаяны. Айтыс өнері және әнші композиторлар шығармашылығы. Сал-серілер шығармашылығы, ерекшелігі, өкілдерінің шығармашалық өмірбаяны. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы жаңа жазба әдебиеттің дамуы, өкілдері шығармашылық мұрасы. Әдеби процесстегі ағымдар мен бағыттар, әдеби бағыт, әдеби процестің көркемдік-эстетикалық ұстанымдарын құрайтын түсініктер. Діни ағартушы ақындар, шығармашылық мұрасы, ұқстанған идеялық бағыты. Ағартушы демократ ақындар, олардың шығармашалық өмірбаяны, ағартушылық көзқарастары. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліске байланысты туған жырлар. Азатшыл демократ бағыт, қаламгерлердің шығармаларының көркемдік мәні, идеялық ұстанымы. Оқыту әдістері: көркем шығарманы талдауда эвристикалық әдіс, белсенділігін арттыруда интерактивті әлдіс, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру да репродуктивтік әдіс қолданылады. Студент белсенділігі: Пән бойынша өтілетін материалдарды игеру үшін дәріске байланысты әдебиеттер мен қажетті оқу құралдарын өз бетінше оқып талдау, ой елегінен өткізу мақсатында оқытушымен білсекен жұмыс (СОӨЖ); студенттердің өзіндік ойлауы мен іскерлігін өз бетінше дағдыларынжетілдіру мақсатындағы студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) Бағдарламалық және ақпараттық қамтамсыз ету: оқу құралдар мен зерттеулер, ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ), көрнекіліктер Білім алушыны бағалау тәсілдері:аралық бақылау тест, мәтін талдау ауызша, қорытынды бақылау ауызша емтихан.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 2
Top