Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01711 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі в Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Деректерді сыни және статистикалық талдау және оларды визуализациялау негізінде алынған қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі саласындағы өз зерттеулерінің нәтижелерімен жұртшылық пен ата-аналар алдында сөйлей алуы
  • Білім беру үдерісінде білім алушылардың көптілді және көпмәдениетті қоғамда өзара конструктивті коммуникация жасауға қабілетті бола алуы
  • Қалыптасқан айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдыларын, лингвистикалық және әдебиеттану бойынша ұғым-түсініктерді жоғары мамандық деңгейінде орынды қолдана алуы
  • Пәнді оқытуға байланысты әлеуметтік, этикалық және ғылыми ақпараттарды медиа құралдарынан, баспадан, оқулықтардан оқып, өзіндік пайым мен сын білдіре алуы, ғылыми ізденістер мен ой-пікірлерді жинақтап, саралай алуы, сұрыптай алуы және кез келген ақпаратты интерпретациялай алуы;
  • Жалпы мәдени және ұлттық құндылықтарды, тұрақты даму мен денсаулық сақтау мақсаттарын таратуға, жеке даму мен кәсіпкерлік қызметті мақсатты түрде жүзеге асыру барысында командада және сыныптық ұжымда жұмысты ұйымдастыру қабілетіне ие болуы
  • Көркем мәтін, теориялық білімдік деректерді, жазба тарихи ескерткіштерді филологиялық тұрғыдан талдай алуы
  • Жазбаша/ауызша шығармашылық зерттеу жұмыстарына және оқу үдерісіне қатысты жұмыстарға пікір, тұжырым шығарып, мамандық тұрғысынан бағалап, пікір бере алуы, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми жобаға жетекшілік жасай алуы.
  • Шығармашылық, коммуникативтілік, сыни, көшбасшылық және педагогикалық этиканы сақтай отырып, онлайн және офлайн ортада цифрлық технологияларды қолданып тиімді жұмыс істей алуы
  • Сандық және сапалық әдістерді қолдана отырып, білім беру үдерісінің, әл-ауқат пен салауатты өмір салтының мәселелерін оңтайлы шешуге бағытталған зерттеулерге қатысып, жетекші болу қабілетіне ие болуы
  • Тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, психологиялық-педагогикалық әсер ету әдістерін ұтымды қолдана отырып, білім алушылардың санасы мен мінез-құлқын қалыптастыруға қабілетті болуы
  • Қазақ тілі мен әдебиетін, ағылшын тілін оқытуда жаңа технология мен әдістердің тиімдісін саралай алуы; білім беру стандарты негізінде жасалатын ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларды құрастырып, тақырыпқа сай сабақ түрін таңдап, жүргізе алуы
  • Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытудың жеке траекториясы мен бейімдеу бағдарламаларын дайындай алуы
  • Педагогикалық үдерістің заңдылықтарын, сауықтыру принциптерін, оқушылардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мектептің білім беру үдерісінде стандартты емес мәселелерді шеше алуы
  • Нормативтік талаптарға жауап беретін қажетті құжаттаманы жасай отырып, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі бойынша білім беру үдерісінің мазмұнын жобалау қабілетіне ие болуы
  • Пәнге қатысты тәжірибелік және шығармашылық мәселелерді шешуде қашықтықтан оқыту мен ақпараттық байланыс технологиясын (АБТ) қолдана алуы;
Top