Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті

  • Мақсаты: Қазақ әдебиетінің сан ғасырларға созылатын өткен жолмен, тағылымға толы тарихи тағдырымен студенттерді барынша жете таныстыру. Сол арқылы оларда қазақ халқының рухани өмірінің көрінісі боп саналатын әр кездердегі әр алуан дәрежедегі, әр түрлі жағдайда сөз ұстаған арқалы ақындары мен тереңнен толғайтын абыз-жырауларының шығармашылық болмысы турасында белгілі бір жүйеге түскен сындарлы ұғым, білім қорын қалыптастыру. Пәннің мазмұны: Көне түркі әдебиеті. (ҮІ-ІХ ғасырлар) Орхон жазуындағы жәдігерліктер.. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдай Қазтуған жырау. Асан қайғы. Доспамбет жырау Шалкиіз жырау. XVII ғасырдағы қазақ әдебиеті. Жиембет жырау Бортоғашұлы мұрасының зерттелуі. Жиембет жыраудың Есім ханға арнаған толғаулары. Марғасқа жырау. XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті. Ақтамберді жырау Тәтіқара ақын. Үмбетей жырау. Үмбетей жырларының басты ерекшелігі философиялық-дидактикалық мәнінде екендігі. Шал ақын. Шал ақынның шығармашылық ғұмырбаяны. Әдеби мұрасы. Оқыту әдістері мен оқыту: активті, интерактивті, репродуктивтік, ақпараттық, бағыт-бағдарлық, түсіндірушілік, жүйелеушілік, дамытушылық. Студент белсенділігі: Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті пәні барысында студенттер көне түркі әдебиетінен ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі жырау мен ақындардың өмірі мен шығармашылығын талдап, талқылаймыз.Жыраулар шығармашылығының қазақ әдебиетінен алатын орнын игеру, жыраулар институтының қоғамнан алар орнын меңгеру, поэзиясының көркемдік сипатын меңгеру, тақырыптық-идеялық, жанрлық ерекшеліктерін айқындай білу. Өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сын тұрғысынан ойлауға үйретуді қамтиды, өзіндік ерекшеліктерін танып, түсіну үшін теориялық ақпарат (теориялық, тұжырымдамалы, танымдық) алу әрекетіндегі студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ), алған білімін жинақтап, жинақтаған білімін, ғылыми ойлауын арттыру үшін студент пен оқытушының бірлесіп жұмыс жасайды (СОӨЖ). Бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету: ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ)құралдары, плакат, көрнекіліктер. Білім алушыны бағалау тәсілдері: аралық бақылау тест, сұрақ-жауап, қорытынды бақылау ауызша емтихан.
  • Несиелер 4
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 1
Top