Кеңестік дәуір әдебиеті

  • Мақсаты: Кеңестік дәуірдегі (1920-90 жж.) қазақ әдеби үрдісінің даму сипатын, кезеңдік ерекшеліктерін, идеялық, көркемдік табиғатын аша отырып білім беру, студенттердің көркем шығарманы талдау дағдыларын қалыптастыру. Пәннің мазмұны: Кіріспе: Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің даму бағыты; сол кезеңдегі тарихи, қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдайдың әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Осы дәуірдегі әдебиеттің тарихи, идеялық-көркемдік табиғатын жаңаша танытудағы ғылыми-сыни еңбектер. Кеңестік дәуір әдебиетінің ішінара кезеңдерге бөлінісі. Әр кезеңдегі қазақ кеңес әдебиетінің даму бағыты. Жанр табиғаты, шығарманың көркемдік әлемі, туындының жазылу тарихы, типтендіру мәселелері. С.Сейфуллиннің шығармашылық өмірбаяны. Сәкен поэзиясының өзіндік ерекшеліктері. Б.Майлин - әңгіме жанрының шебері. Б.Майлин повестерінің тақырыбы, идеясы, бейне және тип. М.Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі көркемдік ізденістері. Ақын поэмаларындағы шеберлік. Образдардың сомдалуы, сиволикалық мәні. ХХ ңасырдың 60-90 жылдардағы әдебиеттегі «жылымы» кезеңі, идеялық-тақырыптық және көркемдік ізденістер. Оқыту әдістері мен оқыту: активті, интерактивті, репродуктивтік Студент белсенділігі: дәуірлік кезеңдегі көркем әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету үшін көркем мәтінді талдай алу әрекетіндегі студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ), дәрістен алған теориялық білімін жинақтап, ғылыми ойлауын арттыру үшін студенттің оқытушының бірлесіп жұмысы (СОӨЖ) Бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету: интерактивті тақта, АКТ Білім алушыны бағалау тәсілдері: аралық бақылау ауызша, қорытынды бақылау ауызша емтихан.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 1
Top