Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиеті

  • Мақсаты: тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби процесс пен әдебиет тарихы туралы хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге білім беру, студенттердің көркем шығарманы талдаудағы эстетикалық талғамын қалыптастыру. Пәннің мазмұны: Кіріспе: Қазақ поэзиясындағы тәуелсіздік идеясының көрініс табуы. Адам болмысының ұлттық поэзияда суреттелуі. Қазіргі поэзиядағы тақырыптық ерекшеліктер, жанрлар жүйесі мен көркемдік-эстетикалық құндылықтар, тілдік-стильдік сипаттар. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасының даму үрдістері. Ұлттық прозаның шағын, орта және кең көлемді түрлерінің бағыт-бағдары мен өзіндік өзгешеліктері. Қазақ әңгімесінің тақырыптық-идеялық және көркемдік сипаты. Қазіргі повестердегі қоғамдық құбылыстар мен өмірдің ақиқат жайттары, адам болмысы, уақыт бедері, табиғаттың көркем көріністері. Қазіргі романдардың жанрлық ауқымы. Драматургия жанрының басты бағыттары мен ерекшеліктері. Қазіргі драмадағы тарихи тақырыптар, халық өмірі мен кезеңі, танымал тұлға мен тағдыр талқысы, әлеуметтік және отбасылық мәселелер мәні. Қазіргі кезең тақырыптарының театр өнерінен алар орны. Оқыту әдістері мен оқыту: активті, интерактивті, репродуктивтік.Студент белсенділігі: дәуірлік кезеңдегі көркем әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету үшін көркем мәтінді талдай алу әрекетіндегі студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ), дәрістен алған теориялық білімін жинақтап, ғылыми ойлауын арттыру үшін студенттің оқытушының бірлесіп жұмысы (СОӨЖ).Бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету: интерактивті тақта, АКТ.Білім алушыны бағалау тәсілдері: аралық бақылау ауызша, қорытынды бақылау ауызша емтихан.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 2
Top