Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі

  • Мақсаты: кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау, қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан маман даярлау. Пәннің мазмұны: Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы мен мазмұны. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі пәні. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы. Жалпы білім беретін мектептегі Қазақ тілі мен әдебиеті курсының мазмұны мен құрылысы. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы (құрылымы, түрі, кезеңдері). Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы әдістер мен технологиялар. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістері. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту технологияларына шолу. Қазақ тілі мен әдебиетін ақпараттық комуникативтік технология негізінде оқыту. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы мен тәжірибе. Мектепте көркем шығарманы оқыту (лирикалық, прозалық, драмалық шығармалар). Әдебиет сабағындағы жазба жұмыстары (шығарма, эссе т.б.). Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар. Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика. Оқыту әдістері мен оқыту: активті, интерактивті, репродуктивтік, ақпараттық, бағыт-бағдарлық, түсіндірушілік, жүйелеушілік, дамытушылық. Студент белсенділігі: Студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін оқуы барысында қазақ әдебиеті мұғаліміне тән іскерліктерді қалыптастырады, өзіндік ерекшеліктерін танып, түсіну үшін теориялық ақпарат (теориялық, тұжырымдамалы, танымдық) алу әрекетіндегі студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ), алған білімін жинақтап, жинақтаған білімін, ғылыми ойлауын арттыру үшін студент пен оқытушының бірлесіп жұмыс жасайды (СОӨЖ). Бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету: АКТ құралдары, плакат, көрнекіліктер. Білім алушыны бағалау тәсілдері: аралық бақылау тест, сұрақ-жауап, қорытынды бақылау ауызша емтихан.
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 2
Top