Санитарлық микробиология

  • Санитарлық микробиология сыртқы қоршаған ортада болатын және адам мен жануарларды зақымдайтын, сонымен қатар тағам өнімдерінің бұзылуын шақыратын микроорганизмдерді зерттейді. Яғни, санитарлық микробиология тікелей аурулардың қоздырғыштары болып табылатын патогенді микроорганизмдер мен вирустарды зерттеумен ғана шектелмейді. Санитарлық микробиология жалпы, медициналық микробиологияның, сонымен қатар эпидемиологияның, эпизоотологияның, гигиенаның және т.б негізгі ережелеріне сүйенеді. Санитарлық, медициналықмикробиологияның зерттеу нысаны (объектісі)-сол микроорганизмдер. Тек оқыту әдіс – тәсілдері әртүрлі. Себебі,микроорганизмдер организмнен тыс жағдайда физикалық және химиялық әсерлерге ұшырайды. Санитарлық микробиологияның ерекшелігі біруақытта сандық есеп жүргізу және нысанның сапалық жағдайын (яғни микроорганизнің түрін)бақылау болып табылады.
  • Образовательная программа 6B10117 Медициналық-профилактикалық іс
  • Несиелер 3
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 2
Top