Жалпы және компьютерлік лексикография

  • Пәннің мақсаты: магистранттарға компьютерлік лексикография теориясы мен практикасын меңгерту болып табылады, нақтырақ айтқанда, бакалаврда көбінесе лексикология құрамында жалпы мәселелердің бірі ретінде қарастырылатын лексикография саласын, оның ішінде компьютерлік лексикография бөлімін тереңдете оқыту және автоматты сөздік түзудің теориялық прициптерін үйретіп, сонымен қатар тәжірибелік әдістерін меңгерту, болашақ сөздікші маман болып қалыптасуға бағыттау. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: магистранттарға компьютерлік лексикографиясының теориялық ұғымдары, метатілі туралы түсінік беру; - компьютерлік лексикография теориясын, сөздік жасаудың әмбебап ұстанымдары туралы сипаттау; - компьютерлік лексикографиялық жұмыстардың өзіндік ерекшеліктерін, сөздік жасаудың теориялық және практикалық маңыздылығына назар аударту; - сөздіктердің макро және микроқұрылымын, сөзтізбе жасау, стильдік белгілердің қызметін, мағына ашудың әдіс тәсілдерін игерту; - сөздіктердегі әртүрлі ақпарат көздеріне (грамматикалық ақпарат, стильдік ақпарат, иллюстративтік ақпарат, танымдық ақпарат, мәдени ақпарат, энциклопедиялық, тілдік ақпарат т.б.) нақты сөздіктер бойынша талдау жасап, сөздік жасау жұмыстарына үйрету.
  • Образовательная программа 7M01710 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Несиелер 6
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 1
Top