Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01710 Қазақ тілі мен әдебиеті в Halyqtar dostyǵy

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Ғылым мен білім беру тарихындағы білім беру парадигмаларының негізгі даму кезеңдерін және алмасуын сипаттау, психологиялық-педагогикалық ғылымдардың дүниетанымдық әдіснамалық ерекшелігін дәлелдеу, ақпараттық-талдамалық жұмысты қазiргi ақпараттық технологияларды қолданып жүргізе алу;ғылыми зерттеулер жүргізуге және арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей кәсіптік деңгейде шет тілін меңгеру, диссертация, ғылыми мақала жазу, ғылыми-зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіру.
  • Лингвомәдениеттану ғылымының теориялық жетістіктерін қолдану, мәдениет феномендерін тілдік талдау; ұлттық құндылықтар арқылы этностың тілдік әлемін меңгеру және ұлттық тіл мен ұлттық болмыстың тұтастығын түсіну.
  • Академиялық грамматика теориясының ғылыми таным құрылымын, формасы мен әдісін, оның дамуын, жалпы қағидаларын, қазіргі филологияның негізгі бағыттарын, қазіргі ғылымда қолданылатын зерттеу әдістері мен олардың тәсілдерін, жаңа білімді жетілдіру амалдарын игеру.
  • Қазақ тілін тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби қызметте, ғылыми мақалаларды жазуда көрсете білу.
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық мәселелерін жетік меңгеру, олардың байланысын зерделеу; қазіргі қазақ әдебиетінің жаңа бағыттарын, негізгі концепциялары мен даму тенденцияларын білу, алған білімдерін өздерінің зерттеу және пәнді оқыту жұмыстарында қолдану.
  • Білім берудің инновациялық әдістері мен технологияларын,о қытудың классикалық, заманауи және интербелсенді әдістерін, ақпараттық, қашықтықтан оқыту технологиялары мен платформаларын пайдалана отырып, қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы білім беру қызметін жүзеге асыру.
  • Тәуелсіз жылдардағы әдебиетте жаңа жанрлардың пайда болуы мен өркендеуінің мән-маңызын білу; ХХ-ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму жетістіктерімен танысу, ғасырлар тоғысындағы әдебиеттің өркендеуіне негіз салған қоғамдық-санаткерлік, көсемсөздік (публицистік) міндеттерді игеру. Әдебиеттегі ірі әдеби тұлғалардың романтизм мен реалистік әдіс-тәсілдерін қатар ала жүріп, өмір шындығын ашудағы өзіндік қолтаңбасын бағамдау.
  • Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның даму тенденциялары мен жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау және талдау, алған білімдерін қазақ тілі мен әдебиетін зерттеуде пайдалану. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың теориясы мен практикасын әзірлеуге өзіндік үлес қосу.
  • Лингвистикалық теория мен қазіргі заманғы білім беру тәжірибесін дамытудағы генезисін, негізгі жетістіктері мен үрдістерін білу, білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін шешуде мәдени, тарихи және қызметтік тәсілдерді қолдану.
  • Командада жұмыс істеу қабілетін көрсету, кәсіби қызметте стандартты емес жағдайларда техникалық басқаруды және техникалық шешімдерді қабылдау кезінде шығармашылық және логикалық ойлау болуы.
Top