Жалпы тіл білімі

  • Мақсаты: студенттерді қазіргі тіл теориясының негізгі тұжырымдарымен, тіл білімінің даму тарихымен, қазіргі әлемдік лингвистикадағы өзекті бағыттар туралы түсінік қалыптастыра отырып, тіл білімі мәселелерімен және зерттеу жіктемесімен таныстыру. Пәннің мазмұны: Кіріспе: Тіл білімі ғылымдар жүйесінде жеке ғылым ретінде, басқа ғылым салаларымен байланысы, өзіндік сипаттары. Тіл білімі ғылымының теориясы, таңбалық сипаты. Тіл білімі ғылымының тарихы. Ежелгі Грек, Қытай, Үнді, Түркі тіл білімі. Орта ғасыр тіл білімі. XV-XVIII, ХІХ ғасыр тіл білімі және салыстырмалы-тарихи грамматика. ХІХ ғасыр және ХХ ғасыр тіл білімі ондағы негізгі бағыттар мен мектептер. ХХ ғасыр тіл білімі және структурализм. Структуралық тіл білімінің идеясы, оның негізгі белгілері, мектептер. ХХІ ғасыр тіл білімі. ХХ-ХХІ ғ. тоғысындағы тіл білімі. Оқыту әдістері мен оқыту: активті, интерактивті, репродуктивтік. Студент белсенділігі: ғасырлар тоғысындағы жалпы тіл білімінің өзіндік ерекшеліктерін танып, түсіну үшін теориялық ақпарат (теориялық, тұжырымдамалы, танымдық, ) алу әрекетіндегі студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ), алған білімін жинақтап, жинақтаған білімін, ғылыми ойлауын арттыру үшін студент пен оқытушының бірлесіп жұмыс жасайды (СОӨЖ) 6. 6. Бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету: интерактивті тақта, АКТ. Білім алушыны бағалау тәсілдері: аралық бақылау тест, сұрақ-жауап, қорытынды бақылау ауызша емтихан.
  • Образовательная программа 6B01720 Орыс тілі мен әдебиет
  • Несиелер 4
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 1
Top