Ноотехнология

  • Ноотехнология курсы экологияның қазіргі бағыты – ноосфера және адамзаттың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ететін заманауи технологияларға негізделген. Болашақ мұғалімдер биосфераға зиян келтірместен, бүкіл адамзатты қажетті көлемде өніммен және заттармен қамтамасыз етуге бағытталған өндірістік, ақпараттық-коммуникациялық, ауылшаруашылық инновациялық, табиғатты қорғаушылық технологияларды меңгереді. Болашақ мұғалімдер ресурстарды тиімді пайдалану және үнемдеуге, энергияны үнемдейтін әдістерді қолдануға бағытталған смарт үй технологиясының элементтерін салыстырады және ұсынады. Олар табиғи ресурстарды тазартудың тиімді әдістерін жасауға бағытталған қалдықтарды өңдеу және шикізат қалдықтарын қайта пайдалану әдістерін қолдануды негіздейді. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: ● қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің негізгі көздері туралы түсінік береді; ● мектеп оқушыларын тірі организмдердің қызмет етуіне қатысты: биомедициналық технология, биоқауіпсіздік және биоэтика, биоматериалдар ғылымы, биосенсорлық жүйелер технологияларын қолдану мәселелерін талқылауға тартады; ● оқушыларды «ақылды үйді» құру кезінде жаңа құрылғылар мен жабдықты: орталық басқару контроллері, климаттық жүйе, жарықты басқару жүйелері және энергия тұтынушыларының ауысуы, ақылды шаңсорғыш, ақылды науа, ақылды желдету, ақылды құлып және т.б тұратын қауіпсіздік және қорғаныс жүйелерін пайдалануды үйретеді; ● оқушыларды атмосфераға шығарындылар немесе топырақтың ластануы, экологиялық таза және қалдықсыз технологиялар негізінде қалдықтарды кәдеге жарату мәселелерін шешу әдістерін ұсынуға, биологиялық қалдықтардан жаңа материалдарды жасауға үйретеді; ● энергия үнемдейтін жаңа технологияларды енгізу арқылы табиғатқа антропогендік әсерді азайтуды негіздейді.
  • Образовательная программа 6B01512 Жаратылыстану (IP)
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 1
Top