Генетика'

  • Пəннің мақсаты тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын және казіргі кездегі генетика ғылымының әдістері мен мәселелері туралы білімдерін қалыптастыру. Пән шеңберінде мыналар оқытылады:. Генетика пәні және міндеті, даму тарихы, зерттеу әдістері, тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі, хромосомалардың құрылысы, құрылымы, құрамы, репродукциялануы, кариотип, тұқым қуалау заңдылықтары, Мендель ілімі, моногибридті будандастыру, дигибридті будандастыру, полигибридті будандастыру, тұқымқуалаушылықтың хромосомдық теориясы, жыныспен тіркескен тұқым қуалау, кроссинговер, кроссинговер механизмдері, цитоплазмалық тұқым қуалау, тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері, ДНҚ транскрипциясы, ақуыз биосинтезі, геннің құрылымы мен қызметі, Курсты игеру нәтижесінде студенттер тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтарын мен цитологиялық негіздерін талдап, теориялық білімін практикада және экспериментальдық зерттеулерде, генетикалық есептерді шығаруда қолдана алады.
  • Образовательная программа 6B01505 Биология мұғалімдерін даярлау
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 2
Top