Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Биологияны оқыту әдістемесі'
-
Пəннің мақсаты студенттерді оқушыларға білім мен тəрбие беру теориясы мен əдістемесі бойынша білім-біліктермен қаруландыру болып табылады. Пән аясында мыналар оқытылады: биологияны оқытудың материалдық базасы, биология әдістемесіндегі негізгі дидактикалық принциптер, мектеп пәнінде биологиялық ұғымдарды дамыту, биологияны оқытудағы тәрбиенің түрлері, биологияны оқыту әдістері, биологияны оқыту формалары, биологияны оқыту құралдары, биология мұғалімінің тұлғасы, оқытудың жаңа технологиялары, дәстүрлі емес сабақтар, биологиядан сыныптан және сабақтан тыс жұмыстар, қазіргі биология сабақтарына қойылатын талаптар, биология сабақтарындағы білім тексеру мен бағалау. Курсты меңгеру нәтижесінде заманауи орта мектептегі биологиялық білім беру жүйесін, биология пəнінің орта мектептерге арналған оқу бағдарламалары мен оқулықтарының мазмұнын, игерілетін материалдың оқу-тəрбие міндеттерін анықтау, биологияны оқытудың жылдық жəне тақырыптық жоспарларын əзірлеу, сабақтардың, зертханалық сабақтардың жоспарларын құру, оқу барысында оңтайлы нысандарды, əдістер мен əдістемелік амалдарды, анықтауды біледі, табиғат аясына танымжорықты ұйымдастыру мен өткізу дағдыларын меңгереді.
-
Образовательная программа 6B01505 Биология мұғалімдерін даярлау
-
Несиелер 5
-
Оқу жылы 3
-
Семестр 1