6B07107 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы в Торайгыров университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Өнеркәсіптің химиялық және мұнайхимиялық салалары үшін, химиялық технология аймағында тереңдетілген арнайы және фундаменталды білімдерге, арнайы құзыретке ие, химиялық процестердің жүруін түсінетін, технологиялық процесті жүргізудің нормалары мен талаптарын және оны бақылауды түсінетін, алдарына мақстат қоюды және оған қол жеткізуді білетін біліктілігі жоғары деңгейлі мамандар дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Торайгыров университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B060 Химиялық инженерия және процестер
-
ҰБТ-дағы пәндер Химия және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
Химия
"Химия" пәні бұл мамандықтың бакалаврлары үшін фундаменталды ғылым болып табылады. Пән бағдарламасы химия аймағындағы заманауи түсініктерді әрі қарай тереңдетуді қарастырады. "Химия" пәнінің міндеті, келешекте оқытылатын химиялық немесе көршілес пәндерді игеру үшін қажетті болатын химия үшін неғұрлым маңызды теориялық түсініктерді оқып үйрену.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математика
Пәннің мақсаты: Математикалық әдістер ғылым, техника, экономика және басқару мәселелерін шешуде үлкен роль атқарады. Сондықтан математиканы оқытудың алдына келесі мақсаттар қойылады: - студенттердің математикалық және алгоритмдік ойлауын дамыту; - студенттердің математикалық есептерді зерттеу және оларды шешу әдістерін игеру; - студенттердің қолданбалы кәсіптік есептерді шешуде математикалық білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру;
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Зертханада жұмыс істеу дағдылары
Пәнді оқытудың мақсаты - химиялық зертханада жұмыс істеудің негізгі ережелері мен тәсілдерін оқу. Пәнді оқытудың міндеттері - студенттерге химиялық зертханалық ыдыстар мен жабдықтарды пайдалануды үйрету, химиялық зертханада жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Зертханалық жұмыстар техникасы
Пәнді оқытудың мақсаты - химиялық зертханада жұмыс істеудің негізгі ережелері мен тәсілдерін оқу. Пәнді оқытудың міндеттері - студенттерге химиялық зертханалық ыдыстар мен жабдықтарды пайдалануды үйрету, химиялық зертханада жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Химиялық технологияға кіріспе және ғылыми зерттеулер негіздері
Пән ғылымның және химиялық технологияның өнеркәсіптік саласының заманауи қоғамдағы және өндірістегі,ғылыми-зерттеу жұмысты ұйымдастырудағы және ғылыми әдебиетпен және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу дағдыларына ие болудағы, жазу стиліне, бірегейлігіне және мәтіндік материалды безендірудің бірыңғай нормаларына қойылатын талаптарды есепке алумен ғылыми жұмыстарды әзірлеу дағдыларына ие болудағы ролі мен орнын жүйелі көруін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Элементтер химиясы
Элементтердің химиялық қасиеттерін преиодтық жүйедегі орналасу орнына байланысты зерттейді. Пәннің құрамына кіреді: Металдар мен бейметалдардың жалпы қасиеттері, s,p,d және f элементтердің және қосылыстардың сипаттамасы, бейорганикалық химияның экологиялық мәселелері. Бейметалдар мен металдарды алу әдістері және олардың химиялық және технологиялық процестерде қолданылуы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 10
-
Физикалық химия
Пән химиялық заттардың құрылысының, құрылымының және өзгерулерінің жалпы заңдары жайлы, ол химиялық құбылыстарды физиканың теориялық және эксперименталды әдістерінің көмегімен зерттейді. Бұл курста химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері, анықтамалары және заңдары оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Химиялық технологиялар негіздері
Пән бағытталған: - негізгі химиялық өнеркәсіптің неғұрлым маңызды типтік өндірістерін зерттеуге; - шикізатты рационалды кешенді өңдеу мүмкіншіліктеріне; - студенттерде химиялық технологияның осы саласының ерекшеліктері жайлы білімдер жүйесінқалыптастыруға; - студенттерде нақты химиялық процестерді есептеу және жобалау білімдерін дамытуға.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Техникалық термодинамика, химиялық өнеркәсіптің энергетикалық технологиялары
Физикалық химияның негізгі заңдары мен түсініктері, химиялық термодинамиканың заңдары, химиялық кинетиканың заңдарын қолдану
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Бейорганикалық химия
Элементтердің химиялық қасиеттерін перииодтық жүйедегі орналасу орнына байланысты зерттейді. Пәннің құрамына кіреді: Металдар мен бейметалдардың жалпы қасиеттері, s,p,d және f элементтердің және қосылыстардың сипаттамасы, бейорганикалық химияның экологиялық мәселелері. Бейметалдар мен металдарды алу әдістері және олардың химиялық және технологиялық процестерде қолданылуы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 10
-
Химиялық талдау
Аналитикалық химия - заттар мен материалдарды химиялық талдаудың теориялық негіздерін дамытатын және химиялық элементтер мен олардың қосылыстарын идентификациялау, табу, бөлу және анықтау әдістерін, сондай-ақ заттардың химиялық құрамын белгілеу әдістерін әзірлейтін пән.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Физика
Болашақ мамандарға физикадан көршілес пәндерді оқып, сонымен қатар арнайы курстарды игеруде қажетті болатын белгілі білім көлемін беру; логикалық ойлауды қалыптастыру. Негізгі физикалық құбылыстарды оқып үйрену, фундаменталды түсініктерді, классикалық заманауи физиканың заңдарын және теорияларын, физикалық зерттеу әдістерін игеру; болашақ мамандықтың қолданбалы есептерінен нақты физикалық мазмұнды бөліп алуды игеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Жалпы химиялық технология
Пән бағытталған: - негізгі химиялық өнеркәсіптің неғұрлым маңызды типтік өндірістерін зерттеуге; - шикізатты рационалды кешенді өңдеу мүмкіншіліктеріне; - студенттерде химиялық технологияның осы саласының ерекшеліктері жайлы білімдер жүйесінқалыптастыруға; - студенттерде нақты химиялық процестерді есептеу және жобалау білімдерін дамытуға.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Аналитикалық химия
Аналитикалық химия - заттар мен материалдарды химиялық талдаудың теориялық негіздерін дамытатын және химиялық элементтер мен олардың қосылыстарын сәйкестендіру, табу, бөлу және анықтау әдістерін, сонымен қатар заттардың химиялық құрамын анықтау әдістерін әзірлейтін пән.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Тіршілік қауіпсіздігі
Пәнді оқудың мақсаты студенттерді адамға және қоршаған ортаға жағымсыз факторлардың әсер етуінің нормативтік және рұқсат етілген деңгейлерімен таныстыру, өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде адам қызметінің қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету саласындағы күрделі оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды зерттеу, жіктеу және жүйелеу, бар қауіптер мен қауіптердің алдын-алу, оқшаулау және жою шараларын әзірлеу болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Жоба 1
Жоба аясында білім беру бағдарламасының бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдылары мен дағдыларын қалыптастыру. Бұрынғы шығармаларға әдеби шолу, талдау. Зерттеу әдістемесі. Зерттеу жұмысын жоспарлау. Зерттеу бөлімі бойынша жұмыс (жеке тапсырмамен және әзірленген зерттеу жоспарымен анықталған зерттеу кезеңдерін іс жүзінде орындау). Зерттеу нәтижелерін талқылау. Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары бойынша ұсыныстар әзірлеу. Жобаны дайындау және қорғау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 3
-
Электротехника және электроника
Электрон техникалық дайындық, ол арнайы пәндерді өту кезінде негіз болады. Курстың / пәннің мазмұны: Тұрақты және синусоидалды токтардың сызықты электр тізбектері, үшфазалы электр тізбектері, магниттік тізбектер, Електонөлшегіш аспаптар, Трансформаторлар, тұрақты және айнымалы ТМК Електрлік машиналары, Електонниктер негіздері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 4
-
Зертханалық эксперимент
пәні мамандықтың базалық пәндеріне жатады. Пәнді оқытудың мақсаты студенттің таңдаған оқу траекториясына сәйкес ғылыми-зерттеу зертханасында қолданылатын аналитикалық аспаптармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, тандалған зерттеу бойынша есеп жазуы болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 3
-
Гидравликалық және гидромеханикалық процестер
Гидравликалық процестер. Гидростатика. Гидростатиканың негізгі теңдеуі.Гидродинамика.Құбырлардағы гидравликалық кедергілер.Гидравликалық соққылар. Құбырларды есептеу.Гидромеханикалық процестер
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 4
-
Экология негіздері
Биосфера туралы ілім. Экологиялық факторлар. Экологиялық жүйелер. Биосфера ресурстарының шектеулілігі. Энергетиканың экологиялық мәселелері. Атмосфераның және гидросфераның ластану көздері. Атмосфераны ластанудан қорғау. Қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық мәселелері. Тұрақты даму бағыттары. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Мемлекет және құқық мәні. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары. Әкімшілік құқық. Азаматтық құқық. Еңбек құқығы. Қылмыстық құқық. Қаржылық, салықтық, экологиялық және жер құқығы. Сыбайлас жемқорлықтың мәні және оның әлеуметтік салдары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың факторлары мен шарттары. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін құқықтық жауапкершілік. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін моральдық-этикалық жауапкершілік
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Химиялық технологияның негізгі процестері мен аппараттары 1
Курста көптеген химия-технологиялық өндірістердің және көршілес өндірістердің құрам бөлігі болатын, гидравликалық және гидромеханикалық процестер оқытылады. Курсты білу өндірістің тиімді тәртіптерін таңдауға, материалдық және энергетикалық баланстарды құрастыруға, химиялық өндірістердің ең маңызды аппараттарының технологиялық есептеулерін орындауға мүмкінілік береді
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 4
-
Экономика және бизнес негіздері
Кәсіпкерлік түсінігі-кәсіпкерліктің анықтамасы, түрлері, даму тенденциялары, рөлі. Нарықтық экономиканың негізгі ұғымдары. Бизнестің ұйымдастырушылық негіздері. Бизнестің қаржылық негіздері. Бизнесті дамыту стратегиясын әзірлеу. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Химиялық технологиясының масса- және жылуалмасы процестері
Жылу процестері және аппараттары; жылу беру теориясының негіздері, химиялық аппараттарға жылу әкелу және алып кету әдістері. Массаалмасу процестері және аппараттары; масса беру теориясының негіздері, және масса алмасу аппаратурасын есептеу әдістері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
БЗХТ теориялық негіздері
"Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясыеың теориялық негіздері" курсында бейорганикалық өндірістерде неғұрлым көп қолданыс тапқан жеке процестердің жалпы заңдылықтары қарастырылады.Бейорганикалық заттардың технологиясының негізгі процестерінің жүруінің жалпы заңдылықтары, олардың тиімді технологиялық параметрлері мен көрсеткіштерін негіздеу мақсатында оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 4
-
Экологиялық менеджмент
Пәнді зерделеу табиғатты қорғау қызметін басқарудың сапалы жаңа идеологиясының қажетті атрибуты ретінде саналы экологиялық дүниетанымды қалыптастыруды, экологиялық тәуекелдерді бағалау кезінде тиімді басқару шешімдерін енгізуді, ұйымдар қызметінің экологиялық маңызды аспектілерін және экологиялық міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді. Даму кезеңдерін, экологиялық менеджменттің функцияларын, инфрақұрылымы мен принциптерін, табиғи ресурстарды экономикалық бағалауды, экологиялық залалдарды, шығындарды және қаржыландыру мен есеп беру мәселелерін зерттеуді қамтиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 3
-
Инженерлік және компьютерлік графика
ИНженерлік және компьютерлік графика жазықтықта кеңістіктік фигуралардың суреттерін құрастырудың және сызбада кеңістіктік есептерді шығарудың әртүрлі тәсілдерін оқытады. Прекциялық сызу. Сызуды AutoCAD бағдарламасын қолданумен орындау принциптері.Конструкторлық құжаттарды рәсімдеу стандарттары. Бейнелерді құрудың теориялық негіздері. Нүктенің проекциялары және тура. Жазықтық. Түзудің және жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Талдаудың физика-химиялық әдістері
Жылу процестері және аппараттары; жылу беру теориясының негіздері, химиялық аппараттарға жылу әкелу және алып кету әдістері. Массаалмасу процестері және аппараттары; масса беру теориясының негіздері, және масса алмасу аппаратурасын есептеу әдістері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 6
-
Кәсіпкерлік іс-әрекетінің негіздері
Пән кәсіпкерліктің негізін түсіну үшін, маңызды аспектілер мен кәсіпкерлік бойынша түсініктерді қарастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 4
-
Химиялық технологияның негізгі процестері мен аппараттары 2
Курста химия-технологиялық және көршілес өндірістердегі жылу- және массаалмасу процестері оқытылады. Пәнді оқып игеру нәтижесінде студенттер машиналар мен аппараттардың конструктивтік безендірілуі жайлы түсініктер алады,басым химия-технологиялық өндірістерде қолданылатын типтік (негізгі) процестер мен аппараттардың сипаттамаларын және химиялық аппаратураны есептеу және жобалау әдістемесін білетін болады
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Курстын мақсаты студенттерде ҚР құқық қарым-катынасты реттелетін ережелердің жиынтығын туралы білімін, және ҚР кәсіпкерлік қызметін теоретикалық және практикалық сұрақтарды құқық реттеуін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 3
-
Талдаудың заманауи әдістері
Пән өндірістік, ғылыми-зерттеу, оқу зертханаларында қолданылатын заманауи аспаптарда орындалатын зерттеулердің теориялық негіздерін, аспаптардың конструкциясы мен оларда жұмыс істеу әдістемесін, сонымен қатар талдау нәтижелерін өңдеу әдістемелерін оқытады. Пәнді оқыту мақсаттары: аналитикалық химияның маңызды бір бөлігі болатын физика-химиялық талдау әдістерінің маңызы, жіктелуі, қолдану аймақтары және қолданылатын аспаптар ерекшеліктерін үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 6
-
Бейорганикалық заттардың химиясы және технологиясы
Пәннің мақсаты бейорганикалық заттар технологиясы бойынша студенттерде құрамына шикізат базасы кіретін тұтас білім жүйесін қалыптастыру, бейорганикалық зататрды алу үшін минералды шикізатты өңдеудің жалпы заңдылықтары мен принциптерін; бейорганикалық синтез заттарын: минералды тұздарды, сілтілерді, тығайтқыштарды, катализаторларды, өте таза заттарды және т.б. өндірудің принципиалды технологиялық схемаларын оқыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 6
-
Органикалық химия
Бұл пән органикалық қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін оларды синтездеу жолдарымен байланыстыратын жалпы заңдар мен заңдылықтарды зерттейтін фундаменталды жаратылыстану-ғылыми пән болып табылады. Пән органикалық химияның негізгі түсініктері мен заңдылықтарын зерттеуге, күрделі органикалық құрылымдарды синтездеуді жобалауды және орындауды білуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 3
-
Жобалаудағы компьютерлік технологиялар
Оқыту мақсаты: студенттердің ғылыми және инженерлік қызметке қажетті заманауи ақпараттық технологияларды, техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру. Кәсіби саладағы практикалық міндеттерді шешу үшін ақпараттық технологияларды қолдануда құзыреттілікті қалыптастыру
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 3
-
Коллоидтық химия
Пәнді оқытудың мақсаты беттік құбылыстардың теориялық аспектілерін игеру,білімдерді тереңдету және оларды жүйелендіру. Бұл курстың мазмұнына келесі тақырыптар кіреді: -дисперсті жүйелерді алу әдістері; -фазалардың әртүрлі бөліну шекараларында адсорбциялану; -БАЗ және мицелла түзу; -коллоидты жүйелердегі электрхимиялық құбылыстар және жүйенің тұрақтылығы. Тероиялық білімдерді тереңдету тәжірибелік және зертханалық сабақтарда орындалады
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Start up жобаларының экономикалық негіздемелері
Пәнді оқытудың мақсаты инвестициялық-инновациялық Start up жобаларын әзірлеу бойынша практикалық дағдыларды игеру болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Электрохимиялық технологиялар негіздері
Пәнді оқыту мақсаты: қолданыстағы өндірістер мысалында негізгі электрхимиялық процестерді, электрхимиялық технологияның жалпы көрсеткіштеріне әртүрлі факторлардың, тәртіптердің әсерін, электролизерлер мен басқа аппараттардың жұмысқа қабілеттіліктерінің критерийлерін, оптималды технологиялық шешімдерді оқып игеру,техника-экономикалық көрсеткіштерді өнеркәсіптегі ғылыми жетістіктермен салыстыра білуді үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 4
-
Шыны және силикатты материалдардың технологиясы
«Шыны және силикат материалдарының технологиясы» курсы шыны және шикізатты кешенді өңдеуді ескере отырып, шыны пен силикатты отқа төзімді металл емес материалдардың әртүрлі типтегі типтік өндірісі болып табылатын шыны және силикат материалдарын өндіру процестерінің негізгі заңдылықтарын зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 4
-
Беттік құбылыстар және дисперсиялық жүйелері
Беттік құбылыстар термодинамикасы, адсорбция, сулау, беттік-белсенді заттар, қос электр қабаты түзілу механизмі және құрылысы, электркинетикалық құбылыстар, дисперстік системалардың оптикалық құбылыстар, коллоидты системалардағы құрылым түзу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Көмірсутектер химиясы
«Көмірсутектер химиясы» пәнін оқудың мақсаты студенттерде әртүрлі шығу тегі бар көмірсутектердің құрамы мен қасиеттері, оларды зерттеу және өңдеу әдістері туралы білімдер кешенін қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 3
-
Химия-технологиялық процесстерді басқару жүйелері
Пән автоматты басқару және реттеу теориясының негіздерін; аспаптардың мемлекеттік жүйесін, метрология элементтерін және негізгі технологиялық параметрлерді бақылауды; басқарудың химия-технологиялық жүйелерін; өндірістерді заманауи экономика-технологиялық әдістерді қолдану базасында автоматтандыруды оқып игеруге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
Компьютерлік химия
"Компьютерлік химия" пәні таңдау компонентінің пәндеріне жатады. Пәннің мақсаты кванттық-химиялық есептеулерде және ғылыми зерттеулерде қолданылатын қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламаларды оқып үйрену, процестердің термодинамикасын, молекулалардың негізгі спектрлік сипаттамаларын есептеу болып табылады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
Теханализ негіздері, СТ және УКП
Пән студенттерге студенттердің өндірісті техникалық бақылаудың бөлігі ретінде техникалық талдау негіздерін зерделеуге, Химиялық өндіріс процесінің/тауарларының/қызметтерінің сапасын басқару мақсатында негізгі халықаралық және ұлттық стандарттарды зерделеуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
Электрохимиялық өндіріс технологиясы және плазмохимия
"Электрхимиялық өндірістер технологиясы және плазмохимия" курсында электрхимиялық және плазмахимиялық процестердің негізгі заңдылықтары, негізгі электрхимиялық өнеркәсіптің типтік өндірістері, негізгі және қосымша жабдықтаудың конструкциялық ерекшеліктері, технологиялық параметрлер мен жабдықтауды есептеу әдістемелері, электрхимиялық кәсіпорындардағы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау сұрақтары оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Химиялық өндірістерді стандартизациялау және бақылау жүйелері
Курс барысында стандарттау, сертификаттау және метрологияның теориялық негіздері, өлшем нәтижелерін өңдеу әдістері мен алгоритмдері, өлшеу құралдарын құрастыру принциптері және олардың метрологиялық сипаттамалары; өнімдер мен қызметтерді өлшеу, сынау және сапасын бақылау әдістерін түсінуі қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
Қолданбалы электрохимия
"Қолданбалы электрохимия" курсында электрхимиялық және плазмахимиялық процестердің негізгі заңдылықтары, негізгі электрхимиялық өнеркәсіптің неғұрлым маңызды типтік өндірістері оқытылады. Электролизердің бірқатар металдарды кендерден бөліп алу үшін және пештерде балқытылған түсті металдарды рафинирлеу үшін қолданылуы. Балқытылған тұздардың электролизін бірқатар сілтілік, сілтіжерлік және кейбір сирек металдарды алуда қолдану.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
Теориялық электрохимия
Пән негізгі электрхимиялық процестерді, электрхимиялық технологияның жалпы көрсеткіштеріне әртүрлі факторлардың, тәртіптердің әсерін, электролизерлер мен басқа аппараттардың жұмысқа қабілеттіліктерінің критерийлерін, оптималды технологиялық шешімдерді оқып игеру,техника-экономикалық көрсеткіштерді өнеркәсіптегі ғылыми жетістіктермен салыстыра білуді үйретуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Технологиялық қондырғыларды 3D-моделдеу
Пән бөлшектер мен жинақталатын түйіндерді модельдеу бойынша білімдер мен икемділіктерді қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мақсаты студенттерде технологиялық жабдықтаудың бөлшектері мен түйіндерінің 3D-модельдерін САD/CAE бағдарламаларында (CAD, Компас және т.б.) құрастыру бойынша дағдылар мен компетенцияларды қалыптастыру
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
Минералды тыңайтқыштар өндірісі
Курстың мақсаты студенттерді еңбектің, шикізаттың, энергияның және уақыттың минималды шығындарымен жоғарысапалы өнім алу үшін минералды тыңайтқыштарды өндіруде қолданылатын негізгі өндірістер мен технологиялармен таныстыру. Пәнді оқып игеру барысында қарастырылады: фосфор тыңайтқыштары, қарапайым суперфосфат, концентрлі фосфор тыңайтқыштары, қос және байытылған суперфосфаттар, преципитат; азот тыңайтқыштары; аммиакты селитра, карбамид; кешенді тыңайтқыштар.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Жербалшық технологиясы
Осы курста алюминийдің негізгі минералддары мен кендері, процестердің физика-химиялық негіздері, глиноземді алу әдістері, шикізаттың сипаттамаларына байланысты глиноземді алудың негізгі әдістері, процестердің аппаратуралық безендірілуі, өндірістік-технологиялық және зерттеу жұмыстарына дайындықтары оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
Химиялық кәсіпорындардың жабдықтауы және материалтану
Бұл курс химиялық өндірістердің негізгі және қосымша жабдықтауын оқып үйренуге арналған. Бұл курста химиялық және мұнай химиялық өндірістердің стандартты жабдықтауы оқытылады. Химиялық шикізатты өңдеген кезде аппаратура дайындалған металдың бұзылуы орын алады, сондықтан коррозияға тұрақты матариалдар қолданылады. Бұл коррозияның жылдамдығын бәсеңдетуге мүмкіншілік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
Жоба 2
Ана тілі мен шетел тілдерінің жүйелерін жалпы және бөлек алынған ықшам жүйе ретінде салыстырып қарастыру. Тілдер құрылымының жалпы қасиеттерін өзара байланыс түрінде салыстыру. Студенттердің назарын ағылшын және орыс тілдерінің тіларалық келіспеушіліктеріне аударып, олардың келешек кәсіби іс-әрекетіне рационалды негіз жасау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 8
Несиелер - 2
-
Электрохимиялық өндірістер жабдықтауы
"Электрохимиялық өндірістер жабдықтауы" пәні электрохимиялық өндірістердің негізгі жабдықтауын оқып игеруге, соның ішінде электрохимиялық жабындылар, хлор және каустик өндіру, суды электролиздеу, металдық натрий мен алюминий алу цехтарының жабдықтауларын оқып үйренуге бағытталған. Негізгі конструкциялық материалдар, олардың жіктелуі, құрылысы және жұмыс істеу приницптері, жабдықтаудың орналасуы және өндірістік бөлмелерді жоспарлау оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 8
Несиелер - 4
-
Кәсіпорын экономикасы
Химиялық өндірісті дамыту. Қоғамдық өндірістің тиімділігі. Өндірістік капитал. Саланың шикізат және отын – энергетикалық базасы. Еңбек ресурстарын пайдалану мәселелері. Өнімнің өзіндік құны. Баға белгілеу мәселелері. Табыс, табыс және рентабельділік. НТП өндіріс тиімділігін арттыру факторы ретінде. Өндірістік процестерді ұйымдастыру. Еңбекті ұйымдастыру және нормалау. Фирмаішілік жоспарлау. Кәсіпорындардың қаржылық жоспары.
Оқу жылы - 4
Семестр - 8
Несиелер - 4
-
Бейорганикалық синтез өндірістерінің жабдықтауы
Бейорганикалық заттар өндірісінде қолданылатын негізгі машиналар мен аппараттардың құрылысы мен типтерін, конструкциялық материалдарының ерекшеліктерін, негізгі параметрлерді есептеу әдістемелерін оқып үйрену. Пәнді оқып игеру барысында бейорганикалық өндірістің негізгі жабдықтауы қарастырылатын болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 8
Несиелер - 4
-
Химиялық өнеркәсіптерде өндірістік экология негіздері және еңбекті қорғау
Пән әртүрлі өндірістердің еңбекті қорғау және экологиялық қауіпсіздігінің негізгі мәселелерін, экологиялық қауіпсіз және энергия үнемдейтін технологияларды қалыптастырудың басымдықты принциптерін, қоршаған ортаны ластауды болдырмау үшін негізгі инженерлік-техникалық шараларды зерделеуге арналған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 8
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Бақылау, интерпретация, талдау, қорытынды шығару қабілеті, баға беру қабілеті, сыни ойлау дағдылары, креативтілік, өзін-өзі дамытуға қабілетті
- Әртүрлі әлеуметтік жағдайларда дұрыс бағдар ала алады, командада жұмыс істей алады, өз көзқарасын дұрыс қорғай алады, жаңа шешімдер ұсына алады
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін ескере отырып, кәсіби қызмет бағыты бойынша, оның ішінде экология және табиғатты пайдалану саласында стартап-жобалар әзірлейді
- Стандартты кәсіби міндеттерді шешу және жұмысты ұйымдастыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген
- Математикалық ойлау тәсілдерін қолдана отырып, күнделікті жағдайларда кәсіби міндеттерді шешеді
- Техникалық ғылымдар аймағындағы базалық білімдерін бейорганикалық заттарды өңдеудің технологиялық процестерін есептеу үшін қолданады
- Қызметкерлерді басқарады және еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді
- Сапа менеджменті жүйесінің, экологиялық менеджмент жүйесінің талаптарын орындайды
- Бейорганикалық заттарды өндіруде және химиялық өңдеуде технологиялық процестерді жүргізуді ұйымдастырады
- Бейорганикалық заттарды өндіруде және химиялық өңдеуде инновациялық және рационализаторлық қызметке қатысады
- Университеттік, аймақтық, республикалық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу кезінде азаматтық және патриоттық, рухани Жаңғыру-қоғамдық сананы жаңғырту, Қазақстанның Үшінші жаңғыруы идеяларының негізінде көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді
- Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде (В1, B2, С1 деңгейі), оның ішінде кәсіби салада коммуникацияның негізгі дағдыларын меңгергендігін көрсетеді