7R01125 Травматология-ортопедия (ересектер, балалар). в Астана медицина университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Амбулаториялық және стационарлық кәсіби еңбек жағдайында ересек пен бала науқастарына бірінші кезекті, мамандандырылған медициналық көмекті және жоғары технологиялық медициналық қызметті (алдын алу, диагностика, емдеу, тірек-қозғалыс аппаратының жарақаттарын, күйік жарақаттарын, тірек-қимыл аппаратының туа біткен және жүре пайда болған ауруларын, медициналық оңалту, медициналық қызметтердің көлемі мен сапасын сараптау) көрсете алатын өзіндік профессиональды ісін системді компетенция тұрғыда білетін травматология, ортопедия саласының білімді маманын дайындау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Астана медицина университеті
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 210
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R025 Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Ересектер ауруханасындағы травматология және ортопедия 1
Пән ортопедия саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерге негізделген ересектердің стационарлық жағдайда ортопедиялық патологиясын диагностикалау және хирургиялық емдеу бойынша компетентті білімді қамтиды.
Несиелер - 48
-
Травматология, ортопедия жайлы таңдаулы сұрақтар. Көп ошақты және қосарлас жарақаттар. "Damage" бақылау қағидалары.
Пән травматология саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерге негізделген көп ошақты және қосарлас жарақаттарды диагностикалау және хирургиялық емдеу бойынша кәсіби дағдылар мен біліктілікті қамтиды.
Несиелер - 4
-
Травматология және ортопедиядағы ғылыми зерттеулерді басқару негіздері
Пән ғылыми ақпаратты іздеу мен бағалаудың әдістері мен құралдарын пайдалану, клиникалық ойлауды дамыту, зерттеу сұрақтарын құрастыруды үйрену, зерттеу бағыттары бойынша ғылыми мақалалар мен баяндамалардың тезистерін жазу, сонымен қатар зерттеу тобының жұмысына қатысу дағдыларын қамтиды.
Несиелер - 4
-
Травматология, ортопедия жайлы таңдаулы сұрақтар. Травматология мен ортопедиядағы реконструктивті-қалпына келтіру оталары
Пән травматология және ортопедия саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерге негізделген травматология мен ортопедиядағы реконструктивті-қалпына келтіру операцияларын қолдана отырып, травматологиялық және ортопедиялық патологияны диагностикалау және хирургиялық емдеу бойынша компетентті білім және кәсіби дағдыларды қамтиды.
Несиелер - 4
-
Амбулаториялық-емханалық балалар травматология және ортопедиясы
Пән травматология және ортопедия саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерге негізделген балалардың амбулаториялық-емханалық жағдайда травматологиялық және ортопедиялық патологиясын диагностикалау және хирургиялық емдеу бойынша компетентті білім мен дағдыларды қамтиды.
Несиелер - 26
-
Ересектер ауруханасындағы травматология және ортопедия 2
Пән заманауи ғылыми жетістіктерге негізделген ересектердің стационарлық жағдайда травматологиялық патологиясын диагностикалау және хирургиялық емдеу бойынша кәсіби дағдылар мен біліктілікті қамтиды.
Несиелер - 68
-
Ересектер ауруханасындағы травматология және ортопедия 3
Пән травматология және ортопедия саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерге негізделген ересектердегі стационарлық жағдайларда күрделі травматологиялық және ортопедиялық патологияларды диагностикалау және хирургиялық емдеу бойынша кәсіби құзыреттер мен білікті дағдыларды қамтиды (күйік зақымдануы, іріңді асқынулар, полижарақаттар және т.б.).
Несиелер - 8
-
Амбулаториялық-емханалық ересектер травматология және ортопедиясы
Пән травматология және ортопедия саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерге негізделген ересектердің амбулаториялық-емханалық жағдайда травматологиялық және ортопедиялық патологиясы бар амбулаториялық науқастарды диагностикалау және хирургиялық емдеу бойынша білім мен кәсіби біліктілікті қамтиды.
Несиелер - 20
-
Балалар ауруханасындағы травматология және ортопедия
Пән травматология және ортопедия саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерге негізделген балалардың стационарлық жағдайда травматологиялық және ортопедиялық патологиясын диагностикалау және хирургиялық емдеу (күйік ошақтары, іріңді асқынулар, полижарақаттар және т.б.) бойынша кәсіби біліктілік пен квалификациялық дағдыларды қамтиды.
Несиелер - 30
-
Тірек-қимыл аппаратының аурулары мен жарақаттарын емдеудің жоғары технологиялық әдістері
Пән травматология және ортопедиядағы диагностика және инновациялық емдеу әдістері (ірі буындардың роботты артропластикасы, ревизиялық артропластика, перипротездік сынықтар және инфекция) бойынша құзыретті білімді қамтиды.
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- ОН-1 Клиникалық диагнозды тұжырымдай алады, емдеу жоспарын тағайындай алады, науқастарға (ересектерге, балаларға) амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастру жағдайларда, үйде, медициналық ұйымнан тыс, шұғыл және жоспарлы түрде білікті және мамандандырылған травматологиялық көмек көрсете алады.
- ОН-2 Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жарақаттардың, күйіктердің, тірек-қимыл аппараты ауруларының алдын алу, микробқа қарсы тұрақтылықтың қалыптасуының алдын алу, санитарлық-гигиеналық білім беру және ересектер мен балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізуге қабілетті.
- ОН-3 Ел азаматы өмірінің сапалы көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін педиатриялық және ересек пациенттермен, олардың қоршаған ортасымен және денсаулық сақтау саласының қатысушыларымен өзара әрекеттесе алады.
- ОН-4 Төтенше жағдайларда, эпидемияда, жаппай қирау аймақтарында науқастарға (ересектерге, балаларға) медициналық көмек көрсете алады, халықтың денсаулығын жақсарту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру кезінде кәсіби аралық топтардың құрамында жұмыс істей алады.
- ОН-5 Травматология және ортопедия мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық саласы шеңберінде медициналық көмектің сапасын басқара алады.
- ОН-6 Адекватты зерттеу сұрақтарын құрастыра алады, кәсіби әдебиеттерді сыни бағалай алады, халықаралық мәліметтер базасын күнделікті кәсіби қызметте тиімді пайдалана алады, ортопед-травматологтар (ересектер мен балалар) қызметінде емдеудің жаңа әдістері мен заманауи технологияларын жетілдіреді, енгізеді және ғылыми-зерттеу жұмыс тобына қатыса алады.
- ОН-7 Травматологиялық және ортопедиялық бағытындағы сирек, атипикалық ауырулар болған жағдайда, күйік жарақатынан туындаған және дене функцияларының тұрақты бұзылыстары бар науқастарға диагностика, медициналық тексеру және емдеу жұмыстарын жүргізуге қабілетті.
- ОН-8 Оқу іс-шараларын (конференциялар, семинарлар, вебинарлар, біліктілікті арттыру курстары) меңгере отыра, кәсибі іскерлікті үздіксіз жетілдіру және соған талпыну, академиялық және ғылыми қызметке, кәсіптік бірлестіктер және комитеттер ісіне, тәжірибе алмасу жұмыс топтарына және отандық денсаулық сақтау мәселелерін талқылау істеріне қатыса алады.
- ОН-9 Травматология және ортопедия мамандығы шеңберінде есепке алу-есеп беру медициналық құжаттаманы және медициналық мониторг көмек көрсеткішін бақылауды енгізе алады
Ұқсас БББ
7R01125 Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың
Қазақстан-Ресей медицина университеті
7R01125 Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
7R01125 Травматология-ортопедия (ересектер, балалар)
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
7R01125 Травматология-ортопедия (ересектер, балалар)
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы