Агрометеорология

  • Мақсаты: Атмосфера мен оның беткі қабатының арасында болатын физикалық үдерістерді және құбылыстарды, сондай-ақ олардың ауыл шаруашылық өндірісіне тигізетін әсерін келешек мамандарға үйрету. Мазмұны: Өсімдіктер мен топыраққа әсер ететін агрометеорологиялық факторлар кешенінің рөлін зерттейді. Метеорологиялық станциялар мен посттардың болжамдық мәліметтерін ғылыми және тәжірибелік- зерттеу және өндірістік жұмыстарда уақтылы пайдалану. Күн радиациясын, температураны, ауа мен топырақтың ылғалдылығын, аязды, құрғақ желді, қысымды, жауын-шашынды, желдің бағыты мен жылдамдығын өлшеу әдістерін және агрометеорологиялық жағдайларды талдау дағдыларын меңгереді. Атмосфера құрылысының, ауа массаларының қозғалысы, радияциялық және жылу теңгерімі, климаттардың және олардың өзгеруін болжау туралы метеорологиялық элементтер, метеорологиялық деректерді өлшеудің тәсілдері мен техникалық құралдары туралы білімдерді дамыту.
  • Образовательная программа 6B08130 Өсімдік қорғау және карантин
  • Несиелер 4
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 1
Top