Жаңа білім беру бағдарламасы

6B08130 Өсімдік қорғау және карантин в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Академиялық адалдық пен әдептілік қағидаттарын ескере отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін қарым-қатынас жасайды.
  • Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, әлеуметтік - мәдени, кәсіби дамуды, ғылыми және эксперименттік зерттеулердің, әдістерін көрсету.
  • Ақпаратты талдау мен қабылдау, тәжірибелердің статистикалық нәтижелерін жалпылау және қорытындыларды тұжырымдау арқылы зерттеу мақсаттарын өз бетінше анықтау және оған жету жолдарын таңдай білу арқылы ақпараттық, есептеу және цифрлық сауаттылыққа ие болады.
  • Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру үшін олардың өсуі, дамуы мен өнімнің сапасына метеорологиялық факторлардың әсері мен басқа да жақсарту факторларын анықтай отырып, физиологиялық жай-күйі мен морфологиялық белгілеріне сүйеніп, дақылдардың сорттарын таңдауды дәйекті негіздейді.
  • Жер бедерін, жер асты суларының деңгейін, қолданылатын тыңайтқыштарды және топырақ өңдеу машиналарын ескеріп, ауыл шаруашылығындағы озық тәжірибеге сүйене отырып,ауыспалы егіс дақылдары үшін топырақты өңдеудің инновациялық жүйелерін тиімді қолданады.
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарының, екпелердің фитосанитарлық жағдайын сапалы түрде карантиндік сараптама жүргізеді және бағалайды, өсімдік шаруашылығы өнімдерін тиімді сақтау үшін диагностикалық картаға сәйкес карантинге жатқызылған өнімдерді залалсыздандырудың заманауи әдістерін қолданады.
  • Өсімдіктердің физиологиялық жағдайын, сорттар мен будандардың топырақ-климаттық өсіру жағдайларына қатысты бейімделу әлеуетін бағалайды және сапалы ауылшаруашылық өнімдерінен жоғары өнім алу, оларды өңдеу және сақтау үшін өсімдіктердің өсуі мен дамуын жақсарту факторларын анықтайды.
  • Екпелердің арамшөптермен ластануын, сондай-ақ зиянкестер және аурулармен зақымдалуын есепке алып, ауылшаруашылық техникаларының механизмдері мен жүйелерін және дақылдарды өсіру мен жинау технологияларын тиімді пайдалана отырып, дақылдарды зиянды ағзалардан қорғаудың кешенді шараларын әзірлейді.
  • Ғылыми зерттеулердің химиялық, биологиялық және агротехникалық әдістерінің технологиялары бойынша отандық және шетелдік көздерден ақпарат жинау және олардың талаптарға сәйкестігін талдау негізінде ғылыми зерттеулер жүргізеді, тәжірибе нәтижелерін статистикалық өңдеуді қолданады және қорытынды жасайды.
  • Аурулардың болуына және биохимиялық әдістерін қолдана отырып зиянкестермен күресу мен олардың алдын алу және залалсыздандыру бойынша агротехникалық жұмыстар жүргізуге дайындығына қарай егіс алқаптарын диагностикалайды
  • Ауылшаруашылық нарықтарында өсімдік шаруашылығы өнімдері мен ауылшаруашылық өндірісін химияландыру өнімдеріне маркетингтік және коммерциялық зерттеулер жүргізеді.
  • Жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істейді, өз іс-әрекеттерін өз бетінше білім алу және салауатты өмір салтын жүргізу дағдыларын көрсете отырып түзетеді.
Top