Психолингвистика

  • Пәннің мақсаты – білім алушыларға психолингвистиканың сөйлеу үрдістерін, оның мазмұнын, коммуникативті рөлін, сөздің ойға қатысын, тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастыратын психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы ретінде меңгерту. Негізгі тақырыптар: Психолингвистиканың ғылыми пән ретінде сипаты. Психолингвистиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны мен мәртебесі Сыртқы лингвистика салаларымен байланысы. Психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері. Адамның сөйлеу қызметі, оның зерттелуі. Сөйлеудің тууы және оның түсіндіріуі. Ана тілі мен шетел тілдерін балалар мен ересектердің үйрену үрдісі. Психолингвистика пәніннен білім алу барысында студенттер мынадай құзіреттіліктерді меңгереді: психолингвистиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны мен мәртебесі, сыртқы лингвистика салаларымен байланысы, психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері шет тілдерін үйрену, логопедия мәселелері, ми қызметіне байланысты сөйлеудің бұзылуы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөйлеудің рөлі т.б.
  • Образовательная программа 7M02336 Филология
  • Несиелер 4
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 1
Top