Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02336 Филология в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты ББ мақсаты – кәсіби және ғылыми дайындығы бар, тіл білімі мен әдебиеттанудың жаңа бағыттары туралы ғылыми-танымдық ой-пікірлер мен көзқарастарды қорыта алатын, шығармашылықпен жұмыс жасауға қабілетті, білім беру, ғылыми-зерттеу және мемлекеттік мекемелерде мемлекеттің стратегиялық саясатын жүзеге асыратын, сұранысқа ие мамандарды даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
  • Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет

Пәндер

  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби-педагогикалық және психологиялық мәдениетінің негізін қалыптастыру. Магистранттар жоғары мектеп педагогикасының теориялық және әдіснамалық негіздерін біледі. Білім берудің қазіргі парадигмасын, еліміздегі жоғары кәсіби білім беру жүйесін, білім беру үрдісінің қазіргі жағдайын түсінеді, өзіндік белгі ерекшеліктерін анықтап айта алады. Озық білім беру технологияларын өз тәжірибесінде қолданады. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін, білім беру сапасын талдай алады, жаңа оқу бағдарламаларын әзірлейді, білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық әдістерін әзірлеу принциптерін, талдау және зерттеу жұмысының нәтижелерін салыстырады, жинақтап қорыта алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты -болашақ педагог мамандардың барлық педагогикалық процесті басқарудағы кәсіби-психологиялық құзыреттілігін дамыту. Магистранттар басқару психологиясының теориялық және әдіснамалық негіздерін біледі, психологияның гуманистік дүниетанымын, қазіргі психологиялық ғылымның қоғамдағы орны мен рөлін түсінеді, психологияның негізгі білімін, психикалық процестер мен адамның жеке қасиеттерінің заңдылықтарын, еңбек ұжымын басқару психологиясын, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климатты біледі, адам іс-әрекетіндегі көшбасшылық және көшбасшылық әрекеттерді, жеке тұлғаға психодиагностикалық және психологиялық кеңес беру мәселелерін қарастырады., жастардың өз іс-әрекеттері мен мінез-құлқын саналы түрде талдай білу және т. б. қажеттіліктерін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Лингвомәдениеттану

    Пәннің мақсаты – магистранттарға тіл білімінің жаңа саласы лингвомәдениеттанудың өзіндік ғылыми аппаратын, ұғым-түсініктерін, зерттейтін негізгі мәселелерін үйрету. Магистранттар тіл мен мәдениет сияқты екі түрлі мәселенің өзара әсер етуінен пайда болған тілдік белгілердің мәдени семантикасын біледі, түсіндіре алады. Ұлттық болмыстың тілдегі көрінісіне, тіл фактілерінің халықтың танымдық, этикалық, эстетикалық категорияларына қатысын салыстыра талдайды. Лингвомәдениеттану бойынша алған білімдерін жинақтайды және өз ой-пікірлерін аргументтік фактілермен дәлелдей алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем әдебиеттегі психологизм

    Пәннің мақсаты – көркем әдебиеттегі психологизм ұғымы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырып, оның көркем образ жасаудағы маңызын, стиль түзушілік, пішіндік қызметімен таныстыру. Магистранттар көркем шығармадағы психологизм, жазушы шеберлігі, психологиялық талдау мәселелерін біледі, түсіндіре алады. Кейіпкер психологиясын ашудың әдістері мен тәсілдерін, кейіпкер жасаудағы диалогтың, монологтың, ішкі монологтың атқаратын қызметтерін талдай алады. Пән бойынша алған білімін пайдаланып, өз көзқарастарын аргументтер келтіріп дәлелдей алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пәннің мақсаты – ғылым тарихын оқып-үйрену негізінде ғылыми ойлау жүйесі мен стилін дамыту. Магистранттар ғылым ұғымы мен мәнін біледі, құрылымын, тәсілдерін көрсете алады, ғылымдағы басты парадигмалық теорияларды, ғылыми болжамдарды, аксиомалар мен теориялардың қалыптасу заңдылықтарын айтып түсіндіреді, ғылымның даму тарихы мен заңдылықтарын талдай алады, ғылым дамуының негізгі кезеңдері туралы түсініктер мен білімдерді жинақтайды, мағлұматтар жүйесін қалыптастырып қорыта алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Этнолингвистика

    Пәннің мақсаты – қазақ этнолингвистикасының базалық ұғымдарынан, теориялық негіздерінен, тұжырымдамалары мен қағидаларынан кешенді білім беру. Магистранттар этнолингвистиканың ғылыми аппараты мен негізгі ұғым-түсініктерін, пәнаралық, салааралық сипатын, зерттеу әдістерін біледі, түсіндіре алады. Қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикалық зерттеулермен таныса отырып, қарастырылған проблемаларды салыстыра талдайды. Этнолингвистикалық арналар, этнотанымдық сипаттағы деректердің дефинициясы, этнолингвистикалық этюдтердің теориялық және практикалық маңызы, әлеуметтік кеңістікке байланысты лексика-фразеологиялық жүйенің этномәдени мазмұны т.б. мәселелер туралы алған білімдерін жинақтайды, қорытады. Пән бойынша алған білімдері негізінде өз ой-пікірлерін дәлелдей алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пәннің мақсаты – кәсіби қызметті табысты жүргізу үшін шет тілінде қажетті және негізгі коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру. Магистранттар кәсіби ортада қарым-қатынас жасау терминологиясын біледі, мамандыққа қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді, қолданады. олардың эквиваленттерін, мәтінді аудару кезінде грамматикалық құрылымдар мен лексикалық ережелерді талдап салыстыра алады, айырмашылығын табады, шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық шкаласын меңгереді, үштұғырлы тілдерді оқытудың ұлттық бейімделген деңгейлік үлгісін жасай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әдебиеттің ұлттық сипаты

    Пәннің мақсаты – әдебиеттегі ұлттық ерекшелік, ұлттық дәстүр, ұлттық мінез мәселелерін ұлттық сипат аясында қарап, әдебиет теориясы, әдебиеттер байланысы тұрғысынан әр алуан ғылыми көзқарастарды салыстыра қарастыру, осы бағыттағы зерттеулерге, ғалыми көзқарастарға шолулар жасау. Көркемөнердегі ұлттық сипат, қазақ әдебиетіндегі ұлттық сипат, ұлттық дәстүр мен ұлттық ерекшелікті салғастыра қарастырады. Ғалымдардың көзқарастары мен еңбектері талданады. Магистранттар әдебиеттанудың даму кезеңдерін, ондағы өзгеріс, жаңалықтарды әдеби даму тұрғысынан меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл біліміндегі антропоцентристік парадигма

    Пәннің мақсаты – адамның әлемді түсінуі, қабылдау үдерісі, білімді жинақтау, саралау туралы ақпарат береді. Магистранттарға антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің өзектілігін, маңызын танып біліуге бағыт-бағдар және жүйелі ғылыми-теориялық білім беріледі. Курстың теориялық бөлімінде танымдық ғылымның негізгі ұғымдары қарастырылып, тіл біліміндегі тіл - ойлау - әлем (ғалам) үш жақты кешенді зерттеулер туралы теориялық және тәжiрибелiк тұрғыда бiлiм беру көзделеді. Білім алушылар курс бойынша тілдік сана, аралық білім, ғаламның тілдік бейнесі, тілдік тұлға, когнитивті құрылымдар, тілдік модельдер жүйесін, концепт түрлерін зерделеп, көркем мәтіндегі концептілік жүйенің берілуі жолдарын талдап, білімді өмірмен сабақтастықта меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өлең теориясы

    Пәннің мақсаты – өлең теориясына қатысты әдеби терминдер мен негізгі ұғымдар, категориялар туралы түсінік беру. Магистранттар әдеби тектер мен жанрды, жанр және жанртануды, лириканың жанрлық сипатын біледі, түсіндіре алады: Өлең өлшемін, тақырып пен ақындық шеберлікті, идеяны салыстыра талдайды. Қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістер, лирика туралы зерттеушілердің пікірлері мен көзқарастарын қорытып жинақтайды, аргументтер келтіріп өз көзқарастарын дәледей алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Когнитивтік лингвистика

    Пәннің мақсаты - аудармашылық дағдылар мен кәсіби іс-әрекеттерді одан әрі дамыту үшін аударманың когнитивтік-коммуникативтік тұжырымдамасымен таныстыруға, сондай-ақ өз бетінше зерттеу және практикалық жұмыстар жүргізуге бағытталған, мысалы: әр түрлі белгілер жүйесін қолданатын адамдар арасында әлеуметтік детерминацияланған коммуникативті медиацияны жүзеге асыру. ; объективті факторларды ескере отырып, бастапқы мәтіннің мағыналар жүйесін ТЖ арқылы барынша толық беру мақсатында бір семиотикалық жүйеден екіншісіне өтуді жүзеге асыру аударма, мәтін түрі) және субъективті (аудармашының кәсібилігі мен идиолектісі).

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік лингвистика

    Пәннің мақсаты – әлеуметтік лингвистиканың ғылыми аппараты, зерттелу жайы, қарастыратын проблемалары, өзіндік категориялары мен зерттеу әдіс-тәсілдері туралы білім беру. Магистранттар әлеуметтік лингвистиканың ұғым-түсініктерін, басты зерттеу проблемаларын: тіл және қоғам, тілдің өмір сүру формалары (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, диалекті т.б.), тілдің қоғамдық қызметі, тілдің қызмет ету салалары, тіл дамуына әсер ететін факторлар, тілдік ахуал, тіл және саясат т. б. біледі, түсіндіреді және талдай алады. Қазақстандық әлеуметтік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуынан хабардар болады, қазіргі проблемалары туралы мәлімет алады. Осы ғылым саласы туралы өз көзқарастарын қалыптастырады, оны дәлелдеп қорғай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Фольклортану мәселелері

    Пәннің мақсаты – әдебиеттегі фольклортану мәселесі, оның көркемдік-идеялық қызметі, өзіндік қырлары туралы түсініктер беру. Тақырыптары: Шығыс және және қазақ фольклоры байланысы, фольклордың типологиясы, Фольклор және фольклористика ғылымының мәні, фольклор және эстетика, фольклористиканың басқа да ғылымдар саласымен байланысы мәселелері қарастырылады т.б..

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Мифопоэтика

    Пәннің мақсаты - әдебиеттегі мифологизм мәселесі, мифопоэтикалық құрылым, оның көркемдік-идеялық қызметі, ұлттық поэзиядағы мифопоэтика, оның өзіндік қырлары туралы түсініктер беру. Тақырыптары: Мифтің поэтикадағы қызметін қазіргі қазақ поэзиясы арқауында қарастыру, дүниежүзілік әдеби процессті, әдебиеттегі көркемдік әдіс-тәсілдерді айқындау, мифтік дүниетаным аясындағы құбылыстар мен бейнелердің поэзиялық мәтіндердегі көрінісін сараптап зерделеу мәселелері қарастырылады т.б.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тіл мен әдебиетті оқытудың әдіснамалық тұғырлары мен дидактикалық ұстанымдары

    Пәннің мақсаты – магистранттарды жаңартылған білім беру мазұнына сәйкес тіл мен әдебиетті оқытудағы жаңа ұстанымдарымен таныстыру. Магистранттар оқытудың әдіснамалық негіздері мен тұғырларын біледі, түсіндіреді. Тіл мен әдебиетті оқытудағы дидактикалық ұстанымдарды, жаңартылған білім мазмұнының үдерістері мен жаңалықтарын, оқытушы құзыреттілігін талдап, қорытады. Оқытудың жаңашыл бағыттарын үйренеді, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларына қажетті дағдыларды игереді. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған білім беру бағдарламаларын жасайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тілдегі ұлттық менталитет

    Пәннің мақсаты - қазақтың ұлттық менталитеті жайлы түрлі көзқарастарға, олардың қалыптасуының себептеріне, әсер етуші факторларына, маңызына, рөліне түсінік береді. Тілдегі ұлттық менталитет және ұлттық мәдениет пәні әр халықтың тарихи, саяси-әлеуметтік, экономикалық, ұлттық, табиғи даму ерекшеліктерінің негізінде қалыптасқан тұрмысы, сана-сезімі, мінез құлқы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, өмірлік тәжірибесі туралы магистранттың білімін қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жоғары мектепте білім берудің дидактикалық негіздері

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға жоғары мектепте білім беру мен оқытудың ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік негіздерін меңгерту. Тақырыптары: жоғары мектепте білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту теориясы; жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі; дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқу мен оқыту, сабақ беру, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, оқытудың міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, нәтижесі; жалпы және жеке дидактика мәселелері, оқытудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері, оқытудың білім беру функциясы және білімді толық игерудің негізгі талаптары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектепте интербелсенді оқытудың жаңа технологиясы

    Пәннің мақсаты – жоғары мектеп жүйесінде кредиттік оқу жағдайында интербелсенді (интерактивті) әдістер мен тәсілдерді оқу процесінде тиімді қолдануды меңгерту. Тақырыптары: оқу мен оқытудың философиялық және әдіснамалық негіздемесі, білім жүйесі туралы ұстанымдар, білімге деген жаңа көзқарастар мен түсініктер, оқудың/оқытудың негізгі мәселелері, «білім» түсінігінің негізгі проблемалары мен стереотиптері, білім түрлері: репродуктивтік және конструктивтік оқудың айырмашылықтары; интербелсенді әдістеменің теориялық және әдіснамалық негіздемесі, интербелсенді оқу/оқытудың ерекшеліктері мен қағидалары, педагогикалық қарым-қатынас стильдері, оқуды жүзеге асырудың негізгі шарттары мен ережелері, интербелсенді оқуда/оқытуда оқу мақсаттарын айқындау мәселесі, Блум таксономиясының танымдық деңгейлері, жоғары оқу орындарында бағалау мәселесі: оқу сапасы және студенттердің білімін бағалау бағалау тәсілдері, интербелсенді сабақтың құрылымы, интербелсенді әдістердің түрлері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ лингвистикасының ғылыми парадигмалары

    Пән мақсаты – білім алушыларға қазіргі қазақ лингвистикасының ғылыми парадигмаларынан терең филологиялық білім беру. Тақырыптары: лингвистикадағы «парадигма» ұғымы, тілдегі парадигмалық қатынастар, тіл – ғылыми таным негізі екендігі, ішкі және сыртқы лингвистика нысандары, тіл біліміндегі «тіл-сөз» мәселесі, қазіргі лингвистикадағы жүйе мен құрылым, құрылымдық, жұмсалымдық лингвистика мәселелері, сөйлеу әрекетінің теориясы, лингвопрагматикадағы ағымдар т.б..

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Көркем мәтін және әдеби шығармашылық

    Пәннің мақсаты - көркем мәтін мен әдеби шығармашылықтың жетекші қағидаларымен таныстыру. Сонымен қатар «Көркем мәтін және әдеби шығармашылық» пәні білім алушыларға қазіргі көркем әдебиеттің дамуындағы әдеби шығармашылықтың сыры мен сипаты, өзіндік табиғатын, мәнін танытады. Көркем мәтіндегі әдеби шығармашылық өнер туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта мейлінше толымды жүйелеп, саралау қажет. Дәрістерде әлемдік мәтінтану тұғырнамалары мен әдеби шығармашылық, көркем мәтіннің шығармашылық тарихының құрамы мен құрылымы, әдеби тәжірибелер және ұлттық әдебиеттанудағы көркем таным және шығармашылық сана көркемдік өнер мысалдарымен өзара ұштастырыла негізделмек.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектепте қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технологиясы

    Пәннің мақсаты – жоғары оқу орнында әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдері, әдебиет сабағын ұйымдастырудың принциптері, ерекшелігі туралы түсіндіру. Магистранттар жоғары мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген жаңа технологияларды меңгереді, салыстыра талдайды, оны қазақ әдебиетін оқытуда қолдана алады. Қазақ әдебиетін оқыту бойынша әдіскер ғалымдардың зерттеулері мен негізгі тұжырымдарын, жаңашыл оқытушылардың оқыту әдістерін салыстырады, қорытады. Жаңартылған білім мазмұнын, критериалды бағалау, педагогикалық ізденіс және шығармашылық т.б туралы өз білімдерін жинақтайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем мәтін поэтикасы

    Пәннің мақсаты – білім алушыларды көркем шығарма поэтикасының және мәтінтанудың жетекші қағидаларымен таныстыру. Магистранттар көркем мәтін поэтикасы және әдеби сын мәселелерін біледі, түсіндіре алады. Мәтін поэтикасының негізгі мәселелері: мәтін және шындық, мәтін және автор, оқырман және мәтін т.б. туралы алған білімдерін қорытады, оларды мәтін талдауда қолданады. Көркем мәтіннің ерекшеліктерін салыстыра талдай алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттанудың өзекті мәселелері

    Пәннің мақсаты – қазіргі әдебиеттану ғылымының алдында тұрған өзекті мәселелер туралы түсінік бере келе, жаңа ізденістер мен жаңалықтарды таныстыру, кешенді білім беру. Магистранттар әдебиеттанудағы кейбір мәселелеріне қатысты бүгінгі ғылыми көзқарастарды, пайымдауларды айтып, түсіндіре алады. Әлем әдебиеттануындағы теориялық ұстанымдар, олардың ұлттық әдебиеттанумен сабақтастығын түсіндіреді, талдайды. Қазіргі әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттарынан хабардар болады, оларды әлемдік әдебиеттану ғылымындағы жаңа ізденістермен салыстырады, қазақ поэзиясы мен прозасындағы жанр жаңалықтары бойынша өз білімдерін жинақтап қорыта алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектепте қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы

    Пәннің мақсаты – болашақ мамандарға жоғары оқу орынында қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздерінен, оқытудың тиімді жолдарынан, жаңа технологияларынан терең әдістемелік білім беру. Магистранттар тіл меңгертудің теориялық және практикалық мәселелерін біледі және оны түсіндіре алады. Қазақ тілін жоғары оқу орнында оқыту бойынша әдіскер-ғалымдардың еңбектері мен негізгі тұжырымдарын өз тәжірибелерінде қолданады, жаңашыл оқытушылардың оқыту әдістерін зерттейді, салыстырады, қорытады. Жаңартылған білім мазмұны, критериалды бағалау бойынша және жоғары мектепте қазақ тілін оқытуды ұйымдастырудың дидактикалық, әдістемелік талаптары бойынша алған білімдерін жинақтайды. Игерген біліміне сүйене отырып, өз көзқарастары мен пікірлерін дәлелдей алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттанудың жаңа бағыттары

    Пәннің мақсаты – магистранттарға әдебиеттану ғылымындағы жаңа ізденістер мен жаңалықтарды таныстыра отырып, әдебиеттанудың жаңа салалары жөнінде кешенді білім беру. Магистранттар әдебиеттанудағы кейбір мәселелеріне қатысты бүгінгі ғылыми көзқарастарды, пайымдауларды айтып, түсіндіре алады. Әлем әдебиеттануындағы теориялық ұстанымдар, олардың ұлттық әдебиеттанумен сабақтастығын түсіндіреді, талдайды. Қазіргі әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттарынан хабардар болады, оларды әлемдік әдебиеттану ғылымындағы жаңа ізденістермен салыстырады, қазақ поэзиясы мен прозасындағы жанр жаңалықтары бойынша өз білімдерін жинақтап қорыта алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Психолингвистика

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға психолингвистиканың сөйлеу үрдістерін, оның мазмұнын, коммуникативті рөлін, сөздің ойға қатысын, тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастыратын психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы ретінде меңгерту. Негізгі тақырыптар: Психолингвистиканың ғылыми пән ретінде сипаты. Психолингвистиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны мен мәртебесі Сыртқы лингвистика салаларымен байланысы. Психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері. Адамның сөйлеу қызметі, оның зерттелуі. Сөйлеудің тууы және оның түсіндіріуі. Ана тілі мен шетел тілдерін балалар мен ересектердің үйрену үрдісі. Психолингвистика пәніннен білім алу барысында студенттер мынадай құзіреттіліктерді меңгереді: психолингвистиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны мен мәртебесі, сыртқы лингвистика салаларымен байланысы, психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері шет тілдерін үйрену, логопедия мәселелері, ми қызметіне байланысты сөйлеудің бұзылуы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөйлеудің рөлі т.б.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Жоғары мектептегі білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік тәсілдері мен тиімді әдістерін оқу процесіне енгізеді, теориялық және практикалық білімді қолданады.
  • Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихы мен даму кезеңдерін біле отырып, қазіргі заман тіл біліміндегі антропоөзектік бағытының когнитивтік және әлеуметтік лингвистикалық мәселелерін меңгереді және оларды өз зерттеулерінде қолданады.
  • Білім бағдарламасындағы пәндер бойынша игерген теориялық, практикалық білімдерін жинақтай келе, оларды диссертациялық зерттеу жұмысын жазуда пайдаланады.
  • Ғылым тарихы мен философиясының, кәсіби шетел тілі, жоғары мектеп педагогикасы мен басқару психологиясының теориялық және практикалық мәселелерін игере отырып, алған білімдерін тәжірибеде қолданады.
  • Ғылымның қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін өздерінің зерттеу тақырыбы аясындағы негізгі проблемаларын анықтай отырып, өндірістегі инновациялық технологияларды талдап, жинақтап қолданады.
  • Әдебиеттанудың өзекті мәселелерін, жаңа бағыттарын, көркем мәтін поэтикасы мәселелерін, кейіпкер психологиясын ашудың әдістері мен тәсілдерін игере отырып, алған білімдерін тәжірибеде қолданады.
Top