Мұрағаттар қызметінің нормативтік-құқықтық реттелуі

  • Пәннің мақсаты - магистранттардың архив ісі саласында қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуінің мазмұны, заңдылықтары мен ерекшеліктері туралы түсінікті, нақты тәжірибелік міндеттерді шешуде архивтік құқық нормаларының жалпы жүйесінде бағдар алуды қалыптастыру. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - Қазақстан Республикасы архив ісі саласындағы заңнамалық және нормативтік актілерді талдау, - архив ісі саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттарды пайдалану; - тапсырылған жұмысты өздігінен орындау, құжаттаманы әзірлеу; - кәсіби қалыптасуы барысында алынған нәтижелердің маңыздылығын бағалау; - архивтің нормативтік құжаттамасын құрастыру әдістемесі мен дағдысын меңгеру; - архивтің толықтыру көздерімен жұмыс жасау; - архив жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету мен ұйымдастыруды жүзеге асыру; - архив құжаттарының құндылығын сараптауды жүргізу, сарапшының жұмысын ұйымдастыру. Пәнді оқып-үйренуде магистранттар мына төмендегі аспектілерді зерттейді: ҚР архив ісі және заманауи архив жүйесі. Архивтік құқық және архив заңнамасы. XX ғасырдың 90-жылдарындағы архив саласындағы негізгі заң актілері. Заманауи архив заңнамасы және архитер қызметінің нормативтік базасы. Толықтыру және құжат құндылығын сараптау ережелері. Архивтерде құжаттарды тіркеу және сақтауды қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық негіздері. Архив құжаттарына қолжетімділікті құқықтық реттеу проблемалары және оларды пайдаланудың ережелері. Архивтер мен архив ақпаратын пайдаланушылар арасындағы құқықтық қарым-қатынастар. Азаматтардың архив ақпаратын алу құқығы.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top