Электронды архивтердің теориясы, әдістемесі, тәжірибесі

  • Пәннің мақсаты - магистранттардың электронды құжаттар архивінің теориялық негіздері мен қолданбалы аспектілері туралы түсініктерін қалыптастыру, электронды құжатайналымы жүйесінде жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - электронды құжатар архивінің теориялық негіздерін және қолданбалық аспектілерін анықтау; - электронды құжаттың қолданудың және архивте сақтауды ұйымдастырудың құқықтық негіздерін жүйелеу; - электронды құжаттармен жұмыс жасауды және архив ісін ұйымдастырудың ақпараттық технологияларын қолдану; - мәтіндік, кесте, сызба, мультимедиялық құжаттарды және мәліметтер базасын құруда заманауи компьютерлік технологияларды талдау; - автоматтандырылған жүйелерді архив жұмысына енгізудің негізгі сатыларын анықтау. Пәнді оқып-үйренуде магистранттар мына төмендегі аспектілерді зерттейді: Электронды құжат, электронды құжаттың заңдық күші, электронды қолтаңба, электронды архивтер, электронды құжаттар архивтері. Электронды құжаттаманың архивтік сақтау нысаны ретіндегі ерекшеліктері. Электронды құжаттарды сақтаудың құқықтық аспектілері. Электронды құжаттарды сақтау бойынша жалпы теориялық және тәжірибелік ұсынымдары. Құжаттарды дәстүрлі тасымалдағыштарда цифрлау электронды архив құрудың сатысы ретінде. Корпоративті электронды архивтер. Электронды құжаттарды мемлекеттік архивтерде сақтауды ұйымдастыру. Электронды архивтерді құруға қажетті заманауи аппараттық-бағдарламалық құралдар. Электронды құжаттарды сақтау технологиясы және ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғау.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 3
Top