Электронды форматтағы құжаттық жарияланым

  • Пәннің мақсаты магистранттардың тарихи құжаттарды Интернет желілерінде электронды форматта жариялаудың теориялық және қолданбалы мәселелерін талдауға және компьютерлік іздеу құралдарын мен электронды ғылыми анықтамалық аппаратты жасауға қабілетін қадыптастыру. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант қабілетті болады: қолданбалы және компьютерлік археография, архив ісі, құжаттарды басқару және тарихи информатика салаларында орын алатын негіздер мен процестерді түсінуді кеңейту; - электронды форматқа құжаттармен жұмыс істеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін, оларды электрондық басылымға дайындау тәсілдерін түсіндіру; - электронды құжаттық басылымдарды дайындау, құжаттарды археографиялық өңдеу, мәтінмен жұмыс істеу және электронды форматта жариялаудың ғылыми анықтамалық аппараты құрастыру үшін теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды пайдалану; - электронды басылымдар мен жарияланған құжаттар технологиясын таңдауды негіздеу, мәтінді транслитерацияның оңтайлы нұсқасын іздестіру, электронды мәтінді жаңартып, құжаттарды сипаттау үшін тарихи құжаттың түпнұсқасын зерттеушілерге ұсынуу; - құжаттың толық мәтінінің немесе құжат фрагменттің немесе форматталған (археограф қысқартқан, құрылымдалған) мәтіндік деректер – регестлерды анық беру. Пәнді оқып-үйренуде магистранттар мына төмендегі аспектілерді зерттейді: Археографияның компьютерлік және тәжірибелік негіздері. Электронды форматта құжаттық басылымдарды құрудың нормативтік базасы. Электронды форматта жарияланымдарды дайындаудың жалпы принциптері. Отандық веб-сайттардағы электронды басылымдар. Шетелдік және отандық сайттарда электронды басылымдарды салыстырмалы талдау. Интернет-басылымдарды жіктеу. Сайттардағы жарияланымдар. Цифрлы құжаттарды қашықтан қол жеткізу. Түрлі мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды деректер басылымдарының күрделілігі. Толық мәтінді дерекқорлар құрамындағы құжаттардың электрондық басылымдары. Электрондық форматта құжаттық басылымдарды құрудың негізгі мәселелері. Ғылыми мекемелердің электронды басылымдары. Шетелдік дерекқорларда электрондық басылымдарды талдау. Электронды басылымдар мен технологиялар. Мультимедиялық форматта электронды құжаттық жарияланымдарды құрудың халықаралық тәжірибесі.
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top