Мұрағаттанудың теориялық мәселелері

  • Пәннің мақсаты - қазіргі заманғы қоғамдағы құжаттардың рөлі мен орнын көрсететін әртүрлі теорияларды, тұжырымдамаларды, ережелерді қалыптастыру, мемлекеттіліктің және экономиканың дамуы тұрғыда архивтану теориясының архив тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ету туралы тұтас түсінігін қалыптастыру. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - архивтанудың теориялық-методологиялық аспектілерін талдау; - отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде шоғырланған мұрағаттанудың түйіткілді проблемаларын шешудегі көпқырлы теориялық бағыттарын талдау; - архивтану теориясының (ғылыми көзқарастардың қақтығысы, бағыттар) әртүрлі кезеңдердегі архив ісінің тәжірибесін ел тарихындағы мемлекеттілік, экономика, қоғамдық қатынастар дамуын ескере отырып қалыптастыруға ықпалын анықтау; - іс жүргізу және архивтердегі құжаттық кешендердің қалыптасуы мен қызмет етуін жүйелеу. - ақпараттық-құжаттық қамтамасыз ету және архив ісі дамуының үрдістерін анықтау; - деректер мен әдебиеттерді іздеуді жүргізу, құқықтық мәліметтер базасын пайдалану; - библиографиялық және архивтік шолуларды құрастыру; - архив құжаттарына анықтамалық-іздеу құралдарын құрастырудың принциптері мен әдістерін қолдану; - архив ісін басқарудағы озық шет елдік тәжірибені қолдану; - ақпаратты жинаудың, сақтаудың және өңдеудің тәсілдері мен әдістерін меңгеру. Пәнді оқып-үйренуде магистранттар мына төмендегі аспектілерді зерттейді: Тарихи-мәдени құжаттық мұраны сақтаудың теориясы, принциптері мен әдістерінің эволюциясы. Әртүрлі тарихи кезеңдерде қоғамның архивке қатынасы. Архив қоры әлеуметтік жады институтының жүйесінде. Архив қоры құжаттарының зерттеу дәрежесі. Қоғамдық даму факторларының елдегі құжаттық және архив қорларын қалыптастыруға тигізген әсері. Құжаттың жалпы теориясының архивтанулық аспектісі. Құжаттардың құндылығын сараптау және мен архивтерді толықтырудың теориялық аспектілері. Қорландыру мәселелері. Архив құжаттарын жіктеу, сипаттау және пайдаланудың теориялық негіздері. Сипаттама теориясының принциптері мен әдістері.
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 3
Top