Жоғары мектептің педагогикасы

  • Пәннің мақсаты: жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгеру, жоғары мектеп дидактикасы, тәрбие теориясы және білім беру менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде ЖОО мен колледждердегі педагогикалық іс-әрекет қабілетін, педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: - әлемдік білім беру кеңістігін және Болон үдерісін білім беруді дамытудың қазіргі заманғы стратегиясы ретінде сипаттау; - тұтас педагогикалық процесс теориясы тұрғысынан оқу-тәрбие жағдайларын талдау және бағалау (жағдайларды кешенді, жүйелі талдау); - білім беру заңдылықтары мен принциптеріне сәйкес тұтас педагогикалық процесті жобалау; -  байланыс арқылы оқыту процесінің даму динамикасын және оның компоненттерінің тәуелділігін түсіндіру: жүйелік көзқарас тұрғысынан; критериалды бағалау тұрғысынан; оқыту нәтижелеріне қол жеткізу; - әдіснамалық тұғырлар (іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік, кредиттік жүйе және т.б.) негізінде оқыту процесін динамикалық жүйе ретінде құру; - оқытудың кредиттік жүйесі негізінде оқытудың әр түрлі стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып, дәріс, семинар, практикалық, зертханалық сабақтарды жобалау. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттер төмендегі мәселелерді қарастырады: педагогикалық ғылым және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі орны; жоғары білім берудің заманауи парадигмасы, білім беруді дамытудың мегатенденциясы және Болон процесі; Қазақстандағы жоғары кәсіптік білім беру жүйесі. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы; жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігі; жоғары мектептегі оқыту теориясы (дидактика); жоғары білім беру мазмұны; білім берудің TLA-стратегиясын жобалау, оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен формаларын қолдану, Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары, Кредиттік технология жағдайында магистранттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру; оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы; жоғары мектептің ғылыми қызметінің теориясы. СҒЗЖ; жоғары білім беру жүйесіндегі куратор-эдвайзердің қызметі; білім берудегі менеджмент.
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top