Мемлекеттік бағдарламаларды басқару

  • Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: -мемлекеттік бағдарламалардың түрі мен түсінігін, оларды даярлаудың принциптері мен әдістерін, өмірлік циклы мен бағдарлама кезеңдерін білу; -мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлай алу, сонымен қатар бағдарламалық басқару саласындағы қазіргі заманғы қазақстандық және шетелдік стандарттар негізінде қадағалай алу; -стратегиялық ойлау қабілетін дамыта білу; -әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік бағдарламалардың әлеуметтік- экономикалық тиімділігіне сандық баға беру әдістерін меңгеру; -бағдарламалардың тәуекелділік көрсеткішін анықтау және диагностика жасай білу, оларды басқарудың алгоритмін дайындау біліктілігін меңгеру. Курс мемлекеттік бағдарламаларды басқарудың мәселелері бойынша тәжірибелік біліктілікті жетілдіруге бағытталған. Курстың міндеті болып мемлекеттік бағдарламаларды басқаруды тиімді ұйымдастыру процесстерін зерттеу табылады. Модуль магистранттарды «мемлекеттік бағдарлама», «бағдарламаны жоспарлау және қадағалау» түсініктерімен таныстырады. Мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асыру мен даярлау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Мемлекеттік басқару саласында бағдараламалық-мақсаттық әдісін қолдану. Республикалық, облыстық және жергілікті стратегиялық жоспарлаудың құжаттарының өзара байланысы. ҚР стратегиялық құжаттарының құрылымы. Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қадағалау. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бағалары нәтижелерін пайдалану.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top