Қоғамдық қауіпсіздік

  • Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: -қоғамдық қауіпсіздік концепциясын, оның типтік ерекшеліктерін, қауіп-қатерлер индикаторларының жүйесін білу және түсіну; -мемлекеттің ұлттық және қоғамдық қауіпсіздігіне келетін ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерін, Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесінің қауіптерін ажырата білу, - бейбітшілікті қолдау мақсатында саяси әдістер мен құралдарды барабар қолдану; - ұлттық қауіпсіздік мәселелерін, соның ішінде дағдарыс жағдайында бағалау; - қоғамдық қауіпсіздік саласында қазақстандық саясаттың құралдарын меңгеру. Пәнді оқытудың мақсаты қоғамдық қауіпсіздік теориясы, оны қамтамасыз ету механизмдері туралы жүйелі ғылыми білімді қалыптастыру болып табылады. Пәннің негізгі міндеттері: ұлттық және қоғамдық қауіпсіздіктің теоретикалық және тәжірибелік аспектілерін, жаһанданудың негізгі қатерлерін, шешім қабылдау механизмдерін, сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен тәсілдерін зерттеу болып табылады. Аталмыш курста Қазақстанның қауіпсіздік, ұлттық мүдде және стратегиялық ұлттық басымдықтар саласындағы саясатына талдау жасалады.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 3
Top