Қоғамдық сектордағы менеджмент

  • Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: -қоғам өміріндегі қоғамдық сектордың генезисі, қызметтері, құрылымы, әлеуметтік мәні мен рөлі туралы білімін көрсете алу қабілетінің болуы; -азаматтық қоғам негізін құру процесіне қоғамдық сектордың ықпалы мен беделі деңгейін анықтай алу; -мемлекет пен ҮЕҰ, бизнес пен ҮЕҰ тиімді әріптестігіне мысал келтіру, олардың заңдылықтарын түсіндіре алу; -қоғамдық сектордың дамуындағы дағдарыс пен тәуекелдерді болжау; -Қазақстан Республикасындағы қоғамдық сектордың қазіргі жағдайын сыни талдау дағдысына ие болу. Пәнді оқытудың мақсаты қоғамдық секторды, оның ерекшеліктері, сипаты, құрылымы және қызметтері, институционалдық негіздерін зерттеу болып табылады. Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдарды жүйелеу және түрлерін анықтау, қоғамдық сектордың ауқымы мен қозғалысын, қоғамдық секторды ұйымдастыру менеджментінің ерекшеліктерін, қоғамдық секторды басқару жүйесіндегі мемлекеттік және қоғамдық қызметтің рөлін, осы жүйедегі жергілікті өзін-өзі басқарудың ерекшеліктерін, басқару үдерісіндегі әлеуметтік әріптестік институттарының өзара қатынастарының тұрақтылық деңгейін анықтау. Міндеттері: - әртүрлі деңгейдегі қоғамдық сектор субъектілерінің мүдделерінің келісімі принципі жүйесін зерттеу; - мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестіктің негізгі бағыттарын зерттеу; - азаматтық қоғам институты ретіндегі отандық ҮЕҰ мен КЕҰ-ны басқарудың мүмкіндіктері мен маңызын зерттеу; - мемлекет пен ҮЕҰ, мемлекет пен бизнестің арасындағы әлеуметтік әріптестіктің маңызын ашып көрсету; - Қазақстан Республикасындағы қоғамдық секторының тиімді менеджменті принциптерін анықтау.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 3
Top