Ядролық физика

  • Заманауи ядролық физиканың фундаменталды түсініктерін, заңдарын және теорияларын меңгеру; студенттерде ғылыми көзқарас пен физикалық ойлау қабілетін қалыптастыру; зерттелінетін сәулеленуді тіркеуге арналған құралдар арсеналын қолдануды үйрену; автоматтандырылған физикалық экспериментті ұйымдастыру және жүргізудің заманауи дағдыларын игеру. Пәнді оқыту нәтижесінде студент: - эксперимент мәліметтерін өңдеудің заманауи әдістерін пайдалануға, есептеулер мен эксперименттердің қателіктерін бағалауға; - ядролық-физикалық эксперимент пен экологиялық мониторингті жүргізу үшін тіркеуші аппаратураны білікті түрде таңдау және қолдануға; - ядролық сәулеленудің заманауи тіркеуші құрылғылары мәселелерін өз бетімен түсінуге; - кәсіби қызмет саласында радиациялық мониторинг құрадарын қолдануды үйренге; - иондаушы сәулелену көздерінен қорғанудың инженерлік есептеу әдісін қолдану тәжірибесін игеруге, радиометриялыө және спектрометриялық өлшеулерді жүргізуге қабілетті болады. Пән мамандарды даярлаудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Пәнді оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады: Магниттік және электр өрістеріндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысын сипаттайтын негізгі теңдеулер. Көлденең және бойлық магниттік өрістерде, сонымен қатар электр өрісінде зарядталған бөлшектерді фокустау принциптері. Спектрометрлердің конструкциясы. Зарядталған бөлшектердің спектроскопиясының негізгі ұғымдары. Үдеткіштер және реакторлар, альфаспектрометрлер, көлік жүйелерінде орнатылатын зарядталған-бөлшектердің спектрометрлері. Газбен толтырылған детекторлар. Иондаушы және пропорционалды камералар. Гейгер санауышы. Газдық детекторлар жүйесі. Позициялық сезімталдықты қамтамасыз ету. Жұқа газдық детекторлардың конструкциялық ерекшеліктері. Дрейфті камералар. Жартылайөткізгіш детекторлар.
  • Образовательная программа 6B07106 Жылу энергетикасы
  • Несиелер 6
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 7
Top