Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B07106 Жылу энергетикасы в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Энергетика және электротехника саласындағы бәсекеге қабілетті, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес, құрылғылармен жұмыс істеу дағдылары бар, өнеркәсіптік кәсіпорындарды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты тұрақты энергиямен жабдықтау үшін, электр энергетикалық қондырғылармен техникалық қызмет көрсету, жылу электр станцияларының тұрақты жағдайын және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге, отын энергиясы мен екінші мәрте энергетикалық ресурстарды бу, ыстық су, сығылған газдың энергиясына электр және механикалық энергияға тиімді түрлендіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін мамандарды дайындау
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B162 Жылу энергетикасы

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • берілген методология бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізу, тиісті математикалық аппарат көмегімен алынған нәтижелерді өңдеу және талдау;
  • жылуэнергетика және жылу процестерін автоматтандырудағы жылутехникалық параметрлердің құрамы мен сапасын бақылаудағы заманауи технологиялық құралдарды және өлшеу әдістерін қолдану;
  • заманауи кәсіпорындардардағы процестерді зерттеу үшін АТ технологиялары мен қолданбалы программалық пакеттерін пайдалану;
  • бекітілген әдістерге сәйкес жеке бөлімдер (сатылар, міндеттер) үшін ЖЭС-да энергетика және жылу технологиясы, энергияны пайдалану және энергияны үнемдеу саласындағы тәжірибелік зерттеулер мен жобалауды жүргізу;
  • жылу электр станцияларының жылутехникалық және жылуэнергетикалық қондырғыларын дамыту, жаңғырту және пайдалану кезіндегі бақылау және өлшемдер жүргізудің бағдарламалары мен әдістерін жоспарлау, олардың сипаттамалары мен қорытындыларын жасау;
  • қоршаған ортаны қорғау, энергияны үнемдеу және ресурстарды үнемдеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін бақылау;
  • ЖЭС-дағы қондырғылардың және технологиялық процестердің энергетикалық бағалауды жасау, отын-энергетикалық ресурстардың шығындарын есепке алу; ЖЭС-ның учаскелерінің, қондырғылардың, технологиялық процестердің техникалық және экономикалық балансын ұйымдастыру;
  • қазандықтардағы органикалық отынның жағуын ұйымдастыру кезіндегі, қазандық қондырғылардың газ-ауа және бу-су трактарында пайда болатын жылуфизикалық және гидродинамикалық процестерді түсіндіру үшін және қолданбалы техникалық мәселелерді шешудегі білімдерін қолдану;
  • жылу электр станцияларында жылу мен электр энергиясын өндіру үшін төмен қалдық және қалдықсыз технологияларды қолдану;
  • органикалық отындарды технологиялық тиімді жағу және зиянды шығындарды азайту үшін эксперименталды және теориялық зерттеулер нәтижелерін (OpenFoam, Paraview, OriginLab, Labview және т.б.) модельдеу және өңдеу үшін компьютерлік технологияларды пайдалану;
  • жылу және электр энергетикасы объектілерінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін қамтамасыз ету үшін инновациялық энергетикалық объектілерді жоспарлау үшін экономиканың құралдарын (заңдар, ғылыми тәсілдер, қағидалар, әдістер, модельдер) пайдалану;
  • әлеуметтік және өндірістік салалардағы мәселелерді шешу үшін жеке пікірін білдіріп мәдениетаралық және өнеркәсіптік (кәсіби) қарым-қатынастарда ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде сөйлесу.
Top