Физика (Механика)

  • Пәннің мақсаты: студенттерде ғылыми ойлауды, әр түрлі физикалық түсініктердің, заңдардың, теориялардың қолдану шектерін дұрыс түсінуді және эксперименталды зерттеу әдістерінің көмегімен алынған нәтижелердің сенімділік деңгейін бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. заманауи физикалық құбылыстар мен заңдарды практикада негіздеуге және физикалық эксперименттің нәтижелерін түсіндіруге; 2. қолдану шегін көрсете отырып физикалық құбылыстың моделін құруға; 3. физика бойынша нақты есептерді шешуге; 4. физикалық экспериментті жүргізіп, алынған нәтижелерді сауатты түрде бағалауға; 5. кәсіби қызмет саласында классикалық және заманауи физиканың негізгі заңдары мен физикалық құбылыстарды қолдана алуға қабілетті болады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Физика дамуының маңызды кезеңдері. Механика. Кинематика. Механикалық қозғалыс материяның қарапайым қозғалысының түрі ретінде. Материалды нүкте мен қатты дене динамикасы. Масса. Күш. Ньютон заңдары. Механикадағы күш түрлері. Сақталу заңдары. Импульс моментінің сақталу заңы. Тұтас орта механикасының элементтері. Толқын тербелісі. Серіппедегі жүктің тербелісі.
  • Образовательная программа 6B07106 Жылу энергетикасы
  • Несиелер 6
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top