Әл-Фараби және қазіргі заман

  • Пәннің мақсаты ұлттық және әлемдік мәдениеттердің даму шеңберінде ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл­-Фарабидің ғылыми-философиялық мұралары туралы студенттердің бойында түсінік қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттерде келесі қабілеттерді қалыптастыру: - әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұраларының заманауи мәнін түсіндіру; - Заманауи қазақстандық қоғамның қоғамдық санасын жаңғырту үдерісіне әл-Фараби идеяларының тигізер ықпалын көрсету; - Қазақстандық қоғамның рухани-адамгерщілік негізін қалыптастырудағы әл-Фарабидің этикалық ілімінің рөлін негіздеу; - ұлттық мәдениет құбылыстарына әлеуметтік-философиялық талдау жүргізу; - Компаративистикалық әдіснама тұрғысынан заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайдың шынайылығын ой тұрғысынан өткізу мүмкіндіктеріне ие болады. Пән бойынша келесі аспектілер қарастырылады: «Әл-Фараби және қазіргі заман» курсы Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарын сипаттауға бағытталған. Оқыту барысында әл-Фараби философиясының ерекшеліктері, оның  қазіргі замандағы маңызы мен «Аl Farabi university smart city» ғылыми – инновациялық жобаның мәні, оның Қазақстанда смарт-қоғамды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады. Пәнді оқу барысында келесідей тақырыптар қарастырылады: Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы, Әл-Фарабидің дінге қатынасы, Әл-Фарабидің таным туралы ілімі, Әл-Фарабидің логикасы, Әл-Фарабидің болмыс туралы ілімі, Әл-Фарабидің тіл философиясы, Әл-Фарабидің натурфилософиясы және заманауи ғылым, Әл-Фарабидің өнер философиясы, Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарастары, қайырымды қала Al-Farabi university Smart-city жобасының моделі ретінде.
  • Образовательная программа 6B07106 Жылу энергетикасы
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top