Спорттағы психологиялық кеңес беру

  • Пәннің мақсаты: әлеуметтік ортада спортшының психологиялық контексттегі өмірлік проблемалық жағдайларын сауатты талдауды, «оларды көру», оны шешудің негізгі бағыттарын айқындауға үйрету. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - психологиялық кеңес беру процессіндегі өзара қатынастың этикалық нормалары мен ережелерін білу; - лауазымдық қызмет міндеттері мен спецификацияларды жазу үшін қажет психологиялық дәйектемелерді жасау; - персоналды іріктеу процессіне ықпал ететін кадрлық процесстерді зерттеу және бағалау; іріктеудің әдістері мен қағидаларын дәйекті пайдалану; - білім беру, рекреациялық және бапкерлік іс-әрекеттің өзіндік жобалары мен модельдерін жасау; - спорттық іс-әрекеттің командалық және жеке ерекшеліктерін зерттей білу, спортшылардың психологиялық дайындығын басқарудағы психотехнологияларды құрастыру; - сайысқа дайындық кезіндегі спортшылардың мотивациялық және еріктік сфераларын реттеу. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Осы курс тәжірибеде спорттағы психологиялық кеңес берудің кіріспесі болып табылады. Курс аясында психологиялық кеңес берудің мақсаты, негізгі түрлері, психолог- кеңес берушіге жүгінудің негізгі себептері қарастырылады. Магистранттар психологиялық кеңес берудің нысандары мен түрлерін және оның спорттық қызмет құрылымындағы рөлі мен орнын білетін болады.
  • Образовательная программа 7M03122 Спорт психологиясы
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top