Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M03122 Спорт психологиясы в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты спорт психологиясы саласында жоғары білікті мамандарды даярлау. Оқыту спортшыларды (және бапкерлерді) спорттық сайыстарға даярлауды психологиялық сүйемелдеу; жаттығу және сайыс іс-әрекетіндегі күрделі және конфликтілі жағдайларды шешу; бапкерлерді әртүрлі спорт түрлерінде ұжым құру дағдыларына оқыту, жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру бойынша білім береді.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M066 Психология
  • Дайындық бағыты 7M031 Әлеуметтік ғылымдар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Спорттық ұйымдардағы психологиялық интервенцияның қағидалары мен әдістерін түсіндіру, спорттық психологтың психологиялық практикасындағы этикалық сұрақтардың шеңберін түсіну, спорт психологиясындағы теоретикалық және практикалық бағыттардың әдіснамалық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіну
  • Спорт психологиясын білуді көрсету, спорттық практиканы психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын анықтау, заманауи спорттық психодиагностиканың, өзін-өзі реттеудің және психогигиенаның ғылыми негіздерін талдау
  • Психологияның әдіснамалық негіздерін, әсіресе психологиялық интервенция, интерпретация және психологиялық есепті құрастыру, психологиядағы этикалық сұрақтарды шешу қағидаларын білуді қолдану, сонымен қатар жаңа білімдерді жинақтауға қабілетті болу
  • Спорттық ұжымда оңтайлы психологиялық климат орнату бойынша дағдыларды пайдалану
  • Спортшылар тұлғаларының психологиялық қасиеттері негізінде олардың іс-әрекет нәтижесін өздігінен болжауды жүзеге асыру
  • Спорттағы психологиялық интервенция және психологиялық практика мәселелерінің гендерлік және мәдени құрамдас бөліктерін қолдану, психологиялық зерттеулердегі кросс-мәдени мәселелерді талдау
  • Зерттеуші-практик психологтың тұлғалық қасиеттерінің спорттық практикадағы зерттеу нәтижелеріне ықпалының мәнділігін бағалау
  • Жаттығу және сайыс іс-әрекеті міндеттерін шешу барысында спорттағы психологиялық дайындық әдістерін жүйелу таныстыру және пайдалану
  • Психологиялық мәліметтерді өңдеуде статистикалық әдістерді анықтау; гипотеза құру және спорттағы психологиялық зерттеу бағдарламасын құру, психологиялық мәліметтерді сипаттауды және интерпретациялауды білу, заманауи психологиялық құралдарды пайдалана отырып, өзіндік ерекше жобалаларды құрастыру және жүзеге асыру
  • Дәйекті ойлау, аудиторияларға және өзі қызмет ететін мақсаттарға сай кәсіби ақпаратты шығармашылық және тәуелсіз, сауатты және анық форма мен стильдерде құрастыру және сипаттау
  • Өзінің және әріптестерінің кәсіби іс-әрекеті мен жұмысын сыни бағалау және объективті сипаттау
  • Жоғары тиімділіктегі кәсіби қарым-қатынас орнату, мамандарға және маман еместерге өз қорытындылары мен білімдерін сауатты және айқын хабарлау
Top