Басқару психологиясы

  • Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын меңгеру негізінде жоғары білікті мамандардың ғылыми дайындығын қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу үрдісінде басқару саласының ең маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық пайдалану үшін алғышарт жасау. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттарда келесі қабілеттерді қалыптастыру: - басқару психологиясының теориясы мен практикасының заманауи жағдайын кейінгі кәсіби іс-әрекетінде қолдану үшін оңтайлы көлемде түсінуге; - басқару үрдістері мен құбылыстарын психологиялық талдаудың әдіснамалық мәселелерін талдауға; - басқару тиімділігін жоғарылату мақсатында жеке тұлғаларды және әлеуметтік топтарды (қауымдастықтарды) зерттеудің психологиялық әдістерін қолдануға және сипаттауға; - басқару объектілері болып табылатын жеке адамдар мен топтар іс-әрекетінің негізгі психологиялық ерекшеліктерін түсіндіруге; - басқару субъектілері іс-әрекетінің негізгі психологиялық ерекшеліктерін жүйелеуге; басқару іс-әрекеті субъектілерінің психологиялық дайындығының мәні мен мазмұнын анықтауға; - басқару тиімділігін жоғарылату мақсатында, басқару үрісінде пайда болатын әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды сипаттауға; - басқару субъектілерінің кәсіби маңызды психологиялық қасиеттерін дамыту және жетілдіру әдістері мен тәсілдерін көрсетуге; - әртүрлі басқару мәдениеттерінің байланысы барысында іскерлік және тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға; - ұйымдағы қақтығыстық жағдайларды шешу бағдарламаларын құрастыруға; - басқару психологиясы саласында жобалық зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыруға, оның нәтижелерін таныстыруға; - жеке өмірде және кәсіби іс-әрекетте табысты қарым-қатынас стратегияларын жүзеге асыруға; - басқару психологиясы тарапынан өмірлік және кәсіби жағдайларды сыни бағалауға; өзіндік және ұжым потенциалын дамыту үшін басқару психологиясы бойынша білімдерді тиімді пайдалануға. Курс заманауи менеджменттің негізгі бағыттарының білімін береді. Бизнес-технологиялардағы және басқарудағы психологиялық талаптарды ашады. Адамдармен өзара әрекеттестікпен байланысты басқару іс-әрекеті тиімділігінің психологиялық негіздерін анықтайды. Курс аясында басқару психологиясының пәні, негізгі қағидалары, басқару өзара әрекеттестігіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, құндылықтар бойынша басқару туралы заманауи көзқарастар, топтық құбылыстарды және үрдістерді басқару психологиясы, басшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке басқару стилі, басқару іс-әрекетіндегі ықпал ету психологиясы, қақтығыстық жағдайларды басқару қарастырылады.
  • Образовательная программа 7M03122 Спорт психологиясы
  • Несиелер 3
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top