Жаттықтырушы жұмысының психологиясы

  • Пәннің мақсаты: жаттықтырушылық қызметтегі студенттерде спорттық жаттықтырушыда тұлға ретінде көрінетін психолого- педагогикалық талаптар туралы тереңдетілген теориялық білім қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - кәсіби шеберліктің психофизиологиялық және психологиялық алғышарттарын білу; - бапкердің спортшымен конструктивті өзара әрекеттестігін ұйымдастыру; - спортшы тұлғасының және спорттық бапкердің кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктерін түсіну; - спорттық бапкердің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін зерттеудің әдістерін білу; - жаттығу және сайыс процесстерінің әртүрлі кезеңдеріндегі бапкер жұмысының тиімділігін бағалаудың критерийлерін таба білу; - жаттығу процессінің жеке кезеңдерінде спортшыларды психологиялық дайындыққа эмоционалды қосудың дағдыларына ие болу. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Пәнді тәмәмдағанда студенттер психофизиологиялық және психологиялық кәсіби шеберліктің алғышарттарын, спорттық жаттықтырушының кәсіби қызметінің ерекшелігін білетін болады. Студенттер спортшыларға бекітілген жаттықтыру процесінің бөлек кезеңдерінде психологиялық даярлықтың әдістерін қолдану дағдысын меңгеріп, спортшылардың жас ерекшеліктері және біліктілігімен қоса жаттықтырушының жұмысын жоспарлауды үйренеді.
  • Образовательная программа 7M03122 Спорт психологиясы
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 3
Top