Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Жарыстық іс-әрекет психологиясы
-
Пәннің мақсаты: жаттықтырушылық қызметтегі студенттерде спорттық жаттықтырушыда тұлға ретінде көрінетін психолого- педагогикалық талаптар туралы тереңдетілген теориялық білім қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - алынған теоретикалық білімдерді практика жүзінде кәсіби шеберлікке жету үшін пайдалану; - психорегуляция, спорттық психодиагностика әдістерін, спорттық іріктеу психологиясы сұрақтарын пайдалану; - жаттығу және сайыс іс-әрекетінің процессі мен нәтижелерін бағалау; - таңдалған спорт түрі үшін өзекті спортшының күйін басқару технологияларын іріктеу; - тұлғаның жарыстық спорттық іс-әрекетке қосылуға қабілеттілігін және дайындық деңгейін анықтау; - оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру мен спортшылардың жарыс іс-әрекетін басқарудың әртүрлі әдістерін, тәсілдерін және формаларын қолдану, оны олардың жас ерекшелік және жаттғушылардың физикалық және техникалық дайындық деңгейін ескере отырып құру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Пәнді тәмәмдағанда студенттер психофизиологиялық және психологиялық кәсіби шеберліктің алғышарттарын, спорттық жаттықтырушының кәсіби қызметінің ерекшелігін білетін болады. Студенттер спортшыларға бекітілген жаттықтыру процесінің бөлек кезеңдерінде психологиялық даярлықтың әдістерін қолдану дағдысын меңгеріп, спортшылардың жас ерекшеліктері және біліктілігімен қоса жаттықтырушының жұмысын жоспарлауды үйренеді.
-
Образовательная программа 7M03122 Спорт психологиясы
-
Несиелер 5
-
Оқу жылы 1
-
Семестр 2