Әлеуметтік мінез-құлықты компьютерлік модельдеу

  • Пәннің мақсаты: магистранттарда психологиядағы моделдердің маңызды аспектілерін түсіну, әлеуметтік мінез-құлықты талдауда компьютерлік моделдеуді қолдану, әлеуметтік мінез-құлықты компьютерлік моделдеуді нақты түсіну қабілеттерін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей қабілеттерді меңгереді: - психологиядағы әлеуметтік мінез-құлықты моделдеудің типтерін бөлу; - әлеуметтік мәселелерді талдауда жүйелік және когнитивтік бағыттардың әдістерін игеру; - әлеуметтік процестерді формальды моделдеудің мүмкін әдістерін түсіну, талдау және бағалау; - өзінің кәсіби іс-әрекетінде практикалық қолдануда пәннен алған білімдерінің рөлі мен орны туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Курс әлеуметтік мінез-құлықты компьютерлік моделдеуді нақты түсіндіруге бағытталған. Курс мазмұнын әлеуметтік процестерді моделдеудің негізгі түсініктері мен принциптерін білуді, теориялық және қолданбалы әлеуметтік мәселелерді шешуде моделдеудің әдіснамасын қолдануды көрсетеді. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: психологиядағы, әсіресе әлеуметтік мінез-құлықты моделдеудегі модель типтері, әлеуметтік процестер мен құбылыстарды туындататын әлеуметтік механизмдер, әлеуметтік мәселелерді талдаудың жүйелі және когнитивтік бағыттарының әдістері; әлеуметтік процестерді формалды моделдеудің әдістері.
  • Образовательная программа 7M03122 Спорт психологиясы
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top