Спорт туралы ғылыми білім жүйесіндегі өзекті мәселелер

  • Пәннің мақсаты: спорт және дене мдениеті туралы ғылым мәселесінің қазіргі жағдайын жүйелі түрде ұғындыру, осының негізінде магистрлік дәрежеге сәйкес өзіндік ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне кәсіби дайындау. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: -дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми білімдерді пайдалану; - спорт саласындағы едәуір өзекті мәселелерді анықтау және заманауи ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып оларды шешу жолдарын табу; - спорттық практиканың мәселелеріне деген өзіндік көзқарасын дәлелдеу; - спорт туралы ғылыми білімдер жүйесіндегі компоненттердің құрылымын және өзара байланысын анықтау; - алдыңғы қатарлы іс-әрекет тәжірибесін, жоғарғы жетістіктер спорты саласындағы ғылыми-әдістемелік және зерттеу тәжірибесін жалпылау және талдау; - спорттық іс-әрекет объектілерінің күйлері мен динамикасын өздігінен талдау; - өзекті мәселелерді анықтау және оларды шешудің нақты міндеттерін қою. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Курс cтуденттерге спорттағы дене тәрбиесінің тәжірибе мен теориясының жан-жақты білімін ұсынуға бағытталған. Жоғары жетістіктер спортының арнайы теориясы мен технологиясына, дайындық процесін басқару технологиясы мәселелеріне ерекше назар аударылады. Студенттер дене мәдениеті мен спорттың шетелдік жүйелерін білгенін көрсетіп, спорт саласындағы ең өзекті мәселелерді анықтау қабілетіне ие болуы және қазіргі ғылымның жетістіктерін қолдана отырып оларды шешу жолдарын табуы керек.
  • Образовательная программа 7M03122 Спорт психологиясы
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top