Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M03207 IT Архивтану және құжаттану в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мақсаты-құжаттану және архивтану саласында зерттеу, педагогикалық, басқару қызметін жүргізуге қабілетті, цифрландыру жағдайында құжаттар мен архивтерді басқару саласында IT қолдану дағдыларын меңгерген ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M069 Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі
-
Білім беру саласы 7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 7M032 Журналистика және ақпарат
Пәндер
-
Архив мекемелерін басқару процестерін жобалау
Пәннің мақсаты магистранттардың архив ісін басқару және архив жұмысын жобалау саласында теориялық білім мен практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыру. Архив ісін басқару. Қазақстанның арив мекемелерін басқарудың әдістері мен формалары. Шет елдердегі архив ісінің экономикасы. Архив ісін басқарудың нормативтік-құқықтық және әдістемелік негізі және т.б. қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (кәсіби)
Пәннің мақсаты – мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми қызметте қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шет тілді білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Архив құжаттарына қол жеткізудің сандық технологиялары
Мақсаты: архив ақпаратына қол жеткізуді қамтамасыз етудің заманауи нысандары мен жолдары, ғылыми айналымға архив құжаттарын енгізу, Қазақстан архивтерінің ақпараттық қызметі, «Архив 2025» бағдарламасы және оның құжаттық мұраны насихаттаудағы рөлі туралы кешенді түсінік беру. Курсты оқыту барысында архив ісі үрдісінде нормативтік-методикалық базаны қолдану, компьютерлендіру формасы, әдісі және әдістемесі қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Мақсаты – басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды шешу, өзін-өзі дамыту және таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу үшін негізгі білім мен дағдылар жүйесін қалыптастыру. Мазмұны: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау. Магистрлік диссертацияның құрылымы. Зерттеу объектісі мен пәні. Эмпирикалық әдіс. Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру. Эсселер мен есептерге қойылатын негізгі талаптар. Ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектті қолданудың тенденциялары мен перспективалары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ақпараттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету
Пәннің мақсаты ақпараттық қауіпсіздіктің құқықтық негіздері саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Курста қарастырылады: Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз етудің теориялық және әдіснамалық мәселелері. Қол жетімділігі шектеулі ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық режимдері. Зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды қорғау. Электрондық құжат айналымы жүйесін енгізуді ұйымдастырудың ақпараттық қауіпсіздігінің құқықтық негіздері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құжаттанудың теориялық мәселелері
Мақсаты - магистранттардың құжаттанудың теориялық және методологиялық мәселелерін және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарын талдау қабілетін қалыптастыру. Құжаттанудың ғылым ретінде дамуы. Құжаттау және құжаттың пайда болуы үдерістерін құқықтық және нормативтік реттеудің теориялық аспектілері. Құжаттанулық зерттеулердегі басқару құжаттамасын жіктеу мәселелері. Қолданбалы құжаттық әзірлемелерде жүйелік тәсілді қолдану және т.б.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқарудағы ақпараттық жүйелер
Пәннің мақсаты - басқарудың ақпараттық жүйелерін пайдаланудың практикалық мәселелерін шешуде теориялық білім мен оларды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Ақпараттық жүйе түсінігі. Басқарудың ақпараттық жүйелерінің құрамы, құрылымы, жіктелуі, сипаттамалары. ҚБҚ АЖ автоматтандырудың негізгі кезеңдері. ЭҚЖ негізгі бағдарламалық өнімдері. Құжатталған ақпаратты басқарудың автоматтандыру теориясы мен тәжірибесі қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ұйымдарда құжаттарды басқару теориясы мен технологиялары
Мақсаты: магистранттардың базалық (желілік / компьютерлік) құжаттарды басқару технологияларын модельдеудің негізгі принциптерін сипаттау және бағалау мүмкіндігін, сондай-ақ оларды қазіргі заманғы ҚБҚ-да сұранысқа ие ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуде қолдануға қабілетін қалыптастыру. Ұйымда құжаттарды басқару теориясы, әдістері мен технологиялары, құжаттарды жіктеу және жүйелеу, басқарудың ақпараттық-құжаттамалық қамтамасыз етудің даму үрдісі және т.б. қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Электронды құжаттар архивтері: теория, әдістеме және тәжірибе
Мақсаты: магистранттардың электрондық құжаттар архивтерін құру, жинақтау, пайдалану саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Электрондық құжаттарды құқықтық реттеу, ЭҚ сақтау мәселелері бойынша шетелдік және отандық тарихнамадағы пікірталастар; ЭҚ жіктелуі; ЭҚ бағалау өлшемшарттары, ЭҚ сипаттау ерекшеліктері; ЭҚ тұрақты сақтауды ұйымдастыру; электрондық архиверді құру бойынша қазіргі заманғы тәжірибе қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Электронды форматтағы құжаттық жарияланым
Курстың мақсаты магистранттардың Интернет желісінде электрондық форматта тарихи құжаттарды жариялаудың теориялық және қолданбалы мәселелерін түсіндіру және компьютерлік іздеу құралдары мен электрондық ғылыми-анықтамалық аппарат құру қабілетін қалыптастыру. Электрондық форматтағы жарияланымдарды дайындаудың жалпы қағидаттары, Интернет-жарияланымдардың жіктелуі, толық мәтінді деректер базасы құрамындағы және отандық web-сайттардағы құжаттардың электрондық жарияланымдары қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Археографияның теориялық-методологиялық мәселелері
Мақсаты - магистранттардың археографиялық қызметтің түрлі салаларында теориялық білім мен практикалық дағдыларын, жарияланған архив құжаттарымен жұмыс жасаудың негізгі заңдылықтарын жүйелі тұрғыда талдау қабілетін қалыптастыру. Археографиялық теориялар, құжаттық басылымдағы құжаттарды жүйелеу, құжаттық басылымдардың типологиясы, құжаттық басылымның моделі, оны дайындау, құжаттық басылым тарихи және археографиялық түсінік ретінде және т.б. қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пәннің мақсаты – ғылымның тарихы мен философиясы, әлеуметтік-гуманитарлық білім әдіснамасы негізінде қазіргі теорияның шындықтарын талдау қабілетін қалыптастыру. Курс ғылыми білім жүйесі ретінде қазіргі ғылым философиясының терең түсінігін қалыптастырады. Пән өзінің тарихи динамикасына сай ғылыми білімнің даму заңдылықтары мен тенденцияларын зерттеуге және тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік-мәдени контексте қарастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Архивтанудың теориялық мәселелері
Мақсаты - қазіргі заманғы қоғамдағы құжаттардың рөлі мен орнын көрсететін әртүрлі теорияларды, тұжырымдамаларды, ережелерді қалыптастыру, мемлекеттіліктің және экономиканың дамуы тұрғыда архивтану теориясының архив тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ету туралы түсініктерін қалыптастыру. Құжат теориясының архивтанулық аспектісі. Қорландыру мәселелері. Архив құжаттарын жіктеу, сипаттау және пайдаланудың теориялық негіздері және т.б. қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Архивтерді жоғары билік органдарының құжаттарымен жинақтау
Пәннің мақсаты- магистанттардың архивтерді жинақтау саласында теориялық білім мен практикалық дағдылары қабілетін қалыптастыру. Курс архивтердің жоғары билік органдарының құжаттарымен жұмыс істеу ерекшеліктерін, жинақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерін (жинақтау көздерін айқындау өлшемшарттары, архивтің жинақтау көздері болып табылатын ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі), сараптаманы, электрондық құжат айналымы жүйесін, электрондық архивті ұйымдастыруды, құжаттардың ақпараттық қауіпсіздігі мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Тарихи құжаттың құнын бағалау
Мақсаты: магистранттардың экономика тұрғысынан тарихи құжат тарихи мүлік объектісі ретінде, тарихи мүліктің нарықтық құны туралык, сақтандыру, сатып алу, сату мақсаттары үшін мүлік объектісі ретінде бағалау әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру. Тарихи құжатты бағалаудың теориялық және пракикалық негіздері. Бағалау әдіснамасы және әдістері. Құжаттардың физикалық жай-күйіне бағалау жүргізу қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Құжаттарды басқарудағы жасанды интеллект жүйелері
Пәннің мақсаты-құжаттарды басқаруда жасанды интеллект жүйелерін қолданудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Қарастырылады: құжаттарды басқаруға арналған жасанды интеллект негізіндегі жүйелер мен платформалар. Қазіргі ұйымдарда жасанды интеллект технологияларын қолдану. Құжаттарды басқару саласында жасанды интеллекті қолдану тәжірибесі, тенденциялары, перспективалары мен мәселелері. Құжаттарды басқару жүйелерінде қолданылатын жасанды интеллект технологиялары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Құжаттамалық база мәліметтерінің жобалау методологиясы мен технологиялары
Мақсаты: компьютерлік ортадағы құжаттық мәліметтер базасын жобалау және жасау, каталогтық ДҚ мен электрондық ДҚ айырмашылықтары, ерекшеліктері, кемшіліктері мен артықшылықтарын ажырата білу. Мәліметтер банкі, құжаттық ақпараттар мәліметтер базасының типологиясы, ақпараттық сақтау қоймалары, нысанға негізделген деректер базалары, құжаттық деректер базасының ерекшеліктері, мазмұнды басқару, танымал құжаттық мәліметтер базалары қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Архивтердің электрондық ғылыми-анықтамалық аппараты
Пәннің мақсаты – электронды ғылыми-анықтамалық аппараты (ЭҒАА) әзірлеудің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының жүйесін қалыптастыру. Курста қазіргі ЭҒАА, олардың дәстүрлі ҒАА-тан айырмашылығы. Процестерді автоматтандыру. Күрделі ұйымдастырылған ЭҒАА, мәліметтерді іздеу жүйесін ұйымдастыру, әдістемесі. Архивтің ЭҒАА басқару. Деректер қоры. Толық мәтінді деректер базасы. Электрондық пайдалану қоры. Интеграцияланған ақпараттық жүйелер қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Құжат айналмын басқару жүйелерін ұйымдық жобалау.
Мақсаты: құжаттарды басқару жүйелерін жобалау, енгізу және жетілдіру саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Курста қарастырылады: ұйымдастырушылық дамудың теориялық және әдіснамалық негіздері және құжат айналымын басқару жүйелерін жобалау. Ұйым құжаттары қозғалысының жобалау жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру. Ұйымдастырушылық жобалаудың әртүрлі кезеңдерінде тиімділікті бағалау және енгізу әдістері. Заманауи технологияларды қолдана отырып ұйымдастырушылық жобалау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Құжаттарды сақтау және пайдаланудын «бұлтты қызметтері»
Мақсаты - магистранттардың архивтерде жұмыс жасау үшін «бұлтты сервистер» туралы түсініктерін қалыптастыру, электрондық мемлекеттік басқару саласында білім беру және оларды ЭҮ құжаттық коммуникацияларды басқарудың практикалық міндеттерін шешуде қолдану. Деректерді «бұлтты» сақтау мәліметтерінің сипаттамасы. Бұлтты технологиялардың пайда болуы. Бұлтты сақтау қоймаларына шолу. «Бұлтта» файлдарды сақтау қауіпсіздігі. Қолжетімді сервистерді салыстырмалы талдау қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Құжаттану, археография мен архивтанудың теориялық және әдіснамалық мәселелерін ғылыми зерттеулердің міндеттерін тұжырымдай, тиісті әдістемені таңдай отырып, пәнаралық тұрғыдан негіздеу.
- Мемлекеттік, ведомстволық, жеке архивтерге және құжаттамалық қамтамасыз ету салаларына ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере, кәсіби қызмет міндеттерін шешу үшін құқықтық дерекқорларды пайдалана отырып, IT-технологияларды енгізу.
- Электрондық ғылыми-анықтамалық аппаратты, анықталған құжаттардың электрондық дерекқорын әзірлеу және деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың сапасын басқару үшін деректерді сақтау мен қолжетімділікті басқарудың тиімді әдістерін пайдалана отырып, электрондық құжаттар қоймасын жобалау.
- Электрондық құжат айналымы жүйелерін (ЭҚЖ, ЭҚЖ құрамындағы е-архив, workflow-жүйелер, ЕСМ-жүйелер) енгізу арқылы ұйымдарда құжаттарды басқару міндеттерін шешу, жасанды интеллект құралдарын пайдалану.
- Деректерді жинауға, сақтауға, талдауға және басқаруға арналған бұлтты технологияларды (серверлерді) қоса алғанда, заманауи құралдар мен қосымшаларды әзірлеу арқылы кәсіпорында электрондық архив құру бойынша жұмыс жобалары мен бизнес-сұлбаларын модельдеу.
- Архив ісінің қазіргі даму жағдайын талдау, мәселелерді анықтау және күрделі өндірістік пен зерттеу процестерін басқару, оларды шешу жолдарын ұсыну.
- Мемлекеттік архивтерді жоғары билік органдарының құжаттарымен жинақтау жөніндегі жұмысты жүргізу, ұйымдарды архивтің жинақтау көздерінің тізіміне қосу және одан алып тастау өлшемшарттарды анықтау барысында ғылыми тәсілді меңгеру.
- Құжаттарды бағалаудың теориялық тұжырымдамалары мен әдістемелік тәсілдерін талдау және архивтік құжаттарға сараптама жүргізу арқылы тарихи дереккөздің ғылыми құндылығы мен құнын анықтау.
- Құжаттық мұраны насихаттау, оларды ғылыми айналымға енгізу мақсатында электрондық жарияланымдар үшін құжаттарды анықтау мен іріктеу және архивтік ақпаратқа қол жеткізуді реттейтін құқық нормаларын түсіндіру.
- Құжаттану, архивтану және археография салаларында ғылыми, сараптамалық және қолданбалы зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін өндіріс пен оқу үрдісіне енгізу.
- Ғылым тарихы мен философиясы, жоғары мектептің басқару психологиясы мен педагогикасы бойынша іргелі білімді, шет тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуді ғылыми-зерттеу жұмыстарында және кәсіби қызметте пайдалану.
- Оқытудың заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) технологияларын қолдана отырып, әзірленген әдістемелік ұсынымдар негізінде оқу сабақтарының барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу.