Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Бастауышта білім берудің философиясы мен әдіснамасы
-
Пәннің мақсаты: докторанттарды бастауышта білім берудің философиясы мен әдіснамасының қалыптасуымен, даму векторларымен таныстыру. Қысқаша мазмұны: Ғылым әлеуметтік институт ретінде: құрылымы мен функциялары. Ғылымның қоғаммен, ғалымның әлеуметтік жауапкершілігімен байланысын анықтау. Бастауыш білім беру философиясы мен методологиясы мен қалыптасуы мен даму векторлары. Педагогикалық категория ретіндегі «білім мазмұны» ұғымының мән-мағынасы мен көлемі. Негізгі компоненттердің (білім, білік және дағды, іс-әрекет тәсілдерінің орындалуы, креативтік іс-әрекет тәжірибесі, іс-әрекетке, өз ісіне, өз іс-әрекетіне сезімдік-мазмұндық қарым-қатынас) сипаттамасы. Білім мазмұнын қалыптастыру деңгейлері және олардың сипаттамалары. Білім мазмұны оқытудың мақсаты, нәтижесі, объектісі және құрал ретінде. Бастауыш сынып мұғалімнің жалпы педагогикалық дайындығының мазмұны. Мемлекеттік стандарттар. Оқу жоспары.Типтік оқу бағдарламалары. Бастауыш мектептің оқу пәндері жиынтығы. Бастауыш білім беру мазмұнының қажеттілігі. Отандық білім беру сапасының әлемдік білім беру сапасынан айырмашылығы.Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісі. Бастауыш білім беру деңгейінде 1-4-сынып оқушыларын оқытудың негізгі міндеттері. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық TIMSS, PIRLS бағдарламалары.«Тіл және әдебиет» білім саласы (Әліппе, ана тілі, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, орыс тілі, шетел (ағылшын) тілі. «Адам және қоғам» білім саласы.«Дене шынықтыру» білім саласы.«Өнер» білім саласы.«Математика және информатика» білім саласы.«Жаратылыстану» білім саласы.Педагогикалық үдерістегі жаңа инновация. Педагогикалық оқыту технологияларының ерекшеліктері. Педагогикалық оқыту технологияларының түрлері. Психология, педагогика ғылымдарында сыни ойлаудың маңызы. Оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамытудың халықаралық және отандық тәжірибесі. Инклюзивті білім беру туралы жалпы түсінік. Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен міндеттері. Бастауыш білім беру мазмұнында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру.
-
Образовательная программа 8D01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
-
Несиелер 5
-
Оқу жылы 1
-
Семестр 1