Жоғары мектептің педагогикасы

  • «Жоғары мектептің педагогикасы» пәні педагогикалық ғылымның парадигмасын, тенденциясын, жоғары мектеп дидактикасын және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Пәннің мақсаты - магистранттарда педагогикалық іс-әрекеттегі кәсіби, әдістемелік құзыреттілігін және педагогикалық мәдениетін қалыптастыру. Бұл пән магистранттардың педагогикалық ұстанымын дамытуды қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайлар жасауға, кәсіби білім беру жүйесінде оқытушы тұлғасының субъектілік сипатының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Пәннің мазмұнында жоғары мектеп педагогикасының нысаны мен пәні, міндеттері, қызметтері, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орны; жоғары білім құбылыстары мен процестерінің мәні, оның негізгі даму тенденциялары; қазіргі заманғы білім беру парадигмалары; жоғары мектептегі білім беру мазмұны; жоғары мектептің педагогикалық үдерісінің құрылымы; жоғары мектеп дидактикасы мен оқыту технологиялары, әдістері мен формалары; жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент қарастырылады.
  • Образовательная программа 7M01103 Педагогика және психология
  • Несиелер 4
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top